User's Guide

Белгіше Сипаттама
Қоңырауға жауап беруге мүмкіндік береді.
Бетпе-бет (1-on-1) чат кезінде қоңырауды іске қосады.
Қоңырауды ұстап тұру күйіне қояды.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype бағдарламасы немесе Lync®
2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365 серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
Қоңырауды аяқтайды.
Кіріс қоңырауды қабылдамайды.
Экранды бөлісуді аяқтайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype бағдарламасы немесе Lync®
2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365 серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті ажырату үшін fn пернесін
және сол жақ shift пернесін басып ұстап тұрыңыз. fn lock шамы жанады. Әрекет пернелер мүмкіндігін
өшіргеннен кейін, қажет әрекетті орындау үшін тиісті әрекет пернесін fn пернесімен бірге басуға
болады.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде
басылған күйінде болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің
астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
Қызмет көрсету жапсырмасы: компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау
қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады.
Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) HP өнім атауы
(2) Сериялық нөмір
(3) Өнім коды
Жапсырмалар 17