User's Guide
Бөлік
(4) Сериялық нөмір
(5) Кепілдік күшінің мерзімі
● Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар): компьютер туралы заңдық ақпаратты береді.
● Сымсыз куәландыру белгісі(лері): қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы
құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын
қамтамасыз етеді.
Нано SIM картасын енгізу
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін нано SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
ЕСКЕРТУ: SIM картасын немесе компьютерді зақымдамау үшін SIM картасының өлшемін қию немесе
картаны тегістеу арқылы өзгертпеңіз.
1. Компьютердің дисплей жағын жоғары қаратып тегіс жерге орналастырыңыз.
2. Карта науасына қол жеткізу саңылауына шығару құралын немесе кішкентай түзетілген қағаз
қысқышын (1) енгізіңіз.
3. Карта науасы шыққанша құралды немесе қысқышты жайлап басыңыз.
4. Науаны (2) компьютерден шығарып алып, картаны (3) енгізіңіз.
5. Науаны компьютерге орнына салыңыз. Науаны (4) нық отырғанша жайлап басыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін, қадамдарды кері ретімен орындаңыз.
18 2-тарау Бөліктер










