User's Guide

Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
3. Advanced (Қосымша), одан кейін Built-in Device Options (Кірістірілген құрылғы параметрлері)
пәрмендерін таңдаңыз.
4. LAN желісіне қосылған кезде, WLAN және (немесе) WWAN қосылыстарын өшіру үшін LAN/WLAN
Auto Switching (LAN/WLAN автоматты ауысу) және (немесе) LAN/WWAN Auto Switching (LAN/WWAN
автоматты ауысу) құсбелгісін қойыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Saveақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass
Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP MAC Address Pass Through жүйесі компьютерді және оның желідегі коммуникациясын анықтаудың
реттелетін жолын қамтамасыз етеді. Жүйелік MAC мекенжайы көмегімен Ethernet адаптері арқылы
желіге қосылған компьютерді анықтауға болады. Бұл мекенжай әдепкі параметрлер бойынша
қосылған.
MAC Address Pass Through параметрлерін реттеу
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
2. Advanced (Қосымша), одан кейін MAC Address Pass Through пәрмендерін таңдаңыз.
3. Host Based MAC Address (Хостқа негізделген МАС мекенжайы) опциясының оң жағындағы өрісте
мына параметрлерді таңдаңыз: MAC address Pass Through мүмкіндігін қосу үшін System (Жүйе)
параметрін немесе мекенжайды өзгерту үшін Customеңшеу) параметрін таңдаңыз.
24 3-тарау Желі қосылымдары