User's Guide
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure
Start
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері,
компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттер:
▲ Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта қосыңыз
және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ компьютерлер немесе планшеттер:
▲ Компьютерді өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту
түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін
басыңыз.
Computer Setup (BIOS) утилитасын бастау үшін USB пернетақтасын немесе USB тінтуірін
пайдалану
USB портына жалғанған пернетақта немесе тінтуір көмегімен Computer Setup утилитасын бастауға
болады, бірақ алдымен FastBoot мүмкіндігін өшіру қажет.
1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашыңыз.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттер:
▲ Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін, компьютерді
қосыңыз немесе оны өшіріп қайта қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f9
пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ компьютерлер немесе планшеттер:
▲ Компьютерді өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймешігін дыбысты
азайту түймешігімен бірге басыңыз, содан кейін Boot Device Options (Жүктеу
құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін f9 пернесін басыңыз.
2. FastBoot құсбелгісін алып тастаңыз.
3. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау)
белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Computer Setup пайдалану 65










