User's Guide

Жүктеу ретін F9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін:
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттер:
Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін, компьютерді
қосыңыз немесе оны өшіріп қайта қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f9
пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ компьютерлер немесе планшеттер:
Компьютерді өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймешігін дыбысты
азайту түймешігімен бірге басыңыз, содан кейін Boot Device Options (Жүктеу
құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін f9 пернесін басыңыз.
2. Жүктеу құрылғысын тізімнен таңдаңыз және enter пернесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді
пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін
тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған
талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік
мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс. НР компаниясы
кез келген байланысты міндеттемелер үшін жауапты болмайды.
TPM модулі компьютер үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. TPM параметрлерін Computer
Setup (BIOS) утилитасында өзгертуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: TPM параметрі Hidden (Көрінбейді) мәніне өзгертілсе, TPM модулі амалдық жүйеде
көрінбейді.
Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (65-бет) бөлімін қараңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі)
тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) 69