Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2018 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Pentium және Thunderbolt – Intel корпорациясының АҚШтағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде).
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде) ........................................................ 23 HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ........................ 23 HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін қосу және параметрлерді реттеу .............. 23 Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .......................................................................................................
Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану .................................................................................. 38 Батареяның қуатымен жұмыс істеу ................................................................................................................. 38 HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ................................ 39 Батарея зарядын көрсету .....................................................................................................
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................................. 53 Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы .................................................................................. 53 8 Күтім .......................................................................................................................................................... 54 Компьютер жұмысын жақсарту ...................................................................
Computer Setup (BIOS) утилитасын бастау үшін USB пернетақтасын немесе USB тінтуірін пайдалану ............................................................................................... 65 Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау ................................................................... 66 Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ............................. 66 BIOS нұсқасын жаңарту ................................................................................
Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу .................................................... 79 Біздің міндетіміз ............................................................................................................................... 79 Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) .................. 80 Ең жақсы арнайы технологияны табу ...........................................................................................
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (19-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар ▲ Мазмұны Пуск (Бастау) түймесін басып, НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ http://www.hp.com/go/orderdocuments вебторабына өтіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. *НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Бөліктер Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Бөлік Сипаттама Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты, Type-C коннекторы бар USB құрылғыларының көбін жалғап, зарядтайды және деректерді жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді. – және – DisplayPort шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB TypeC қосқышы бар дисплей құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Thunderbolt™ қондыру тұғырына қолдау көрсетуі мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы мүмкін.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) біріккен ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық қосымша автономды микрофонды қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіштер Дыбыс шығарады. (2) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (3) WWAN антенналары (тек таңдаулы өнімдерде) * Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (4) Камера шам(дар)ы Қосулы: Бір немесе бірнеше камера пайдаланылуда.
Жоғарғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар Дыбыс жазу. (2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Туралағыш өзек қосқыштары (2) Пернетақтадағы туралағыш өзектерді (тек таңдаулы өнімдер) жалғаңыз. (2) Пернетақта қосқышы Компьютерді пернетақтаға жалғайды (тек таңдаулы өнімдер).
Артқы Бөлік 10 Сипаттама (1) Артқы камера Бейнечат жүргізу, бейне жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (30-бет) бөлімін қараңыз. (2) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы өнімдерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Қайырмалы тіректі пайдалану Дисплейдің бұрышына өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Планшеттің жоғарғы жиегін жоғарыға қаратып ұстап тұрыңыз (үндеткіштер үстінде болады). 2. Қайырмалы тіректі планшеттен жаққа қарай сырғытыңыз және оны қажетті бұрышта орналастырыңыз. Қайырмалы тірек нейтралды позициясында (1) (52 градуста) немесе толық тоқтату нүктесінде (2) (118 градуста) ұсталады. Қайырмалы тіректі жабу үшін ол түбімен сәйкестендірілгенше оны планшеттің төменгі жағына қарай итеріңіз.
Пернетақта аумағы (тек таңдаулы өнімдерде) Пернетақтаны жалғау ▲ Пернетақтаны жалғау үшін, коннекторлар орнына түскенше компьютерді пернетақтаға қарай төмендетіңіз. Пернетақтаны шығарып алу ▲ 12 Компьютерді пернетақтадан шығарып алу үшін, оны пернетақтаның артқы жағынан тартып алыңыз.
Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (2) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (2) Fn құлпы шамы Қосулы: Fn пернесі құлыпталды. (3) Дыбысты өшіру шамы ● Қосулы: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Қосулы: микрофон өшірулі. ● Өшірулі: микрофон қосулы. (4) Микрофон дыбысын өшіру шамы (5) Num lk шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Арнайы пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Осындай пернелер тіркесімдері жылдам пернелер деп аталады. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады. (4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Белгіше Сипаттама Басқа адамдардың жан-жақтан көруіне жол бермейді. Егер қажет болса, жарығы аз немесе қараңғы орталардың жарықтығын азайтыңыз немесе көбейтіңіз. Құпиялылық экранын өшіру үшін, пернені қайта басыңыз (тек таңдаулы өнімдер). ЕСКЕРТПЕ: Ең жоғары құпиялылық параметрін тез қосу үшін fn+p пернелерін басыңыз. – немесе – Егер пернетақта (тек таңдаулы өнімдерде) бекітілмеген болса, SureView қолданбасын іске қосу үшін дыбыс деңгейін реттеу түймешіктерінің екеуін де басыңыз.
Белгіше Сипаттама ● Қоңырауға жауап беруге мүмкіндік береді. ● Бетпе-бет (1-on-1) чат кезінде қоңырауды іске қосады. ● Қоңырауды ұстап тұру күйіне қояды. ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype бағдарламасы немесе Lync® 2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Office 365 серверлерінде орнатылған болуы тиіс. ● Қоңырауды аяқтайды. ● Кіріс қоңырауды қабылдамайды. ● Экранды бөлісуді аяқтайды.
Бөлік (4) Сериялық нөмір (5) Кепілдік күшінің мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар): компьютер туралы заңдық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәландыру белгісі(лері): қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді. Нано SIM картасын енгізу ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін нано SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш салмаңыз.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. 2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер ол әлі қосылмаған болса, Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз. 3. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз. Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде HP LAN-Wireless Protection деп аталатын мүмкіндік қосулы болуы мүмкін.
▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін түртіңіз. 3.
4. Custom (Теңшеу) параметрін таңдасаңыз, MAC ADDRESS опциясын таңдап, өзгертілген жүйелік MAC мекенжайын енгізіңіз, одан кейін enter пернесін басып мекенжайды сақтаңыз. 5. Енгізілген LAN бар компьютерде енгізілген MAC мекенжайын жүйенің MAC мекенжайы ретінде пайдалану үшін Reuse Embedded LAN Address (Енгізілген LAN мекенжайын қайта пайдалану) құсбелгісін таңдаңыз.
4 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістермен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдалану ● Экрандағы пернетақтаны пайдалану ● Меңзеу таяқшасын пайдалану Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз. ● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. 28 ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (тек сенсорлы экранда) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
USB Type-C кабелі арқылы DisplayPort құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C DisplayPort құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB TypeC кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы DisplayPort құрылғысынан қарау үшін DisplayPort құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C SuperSpeed және DisplayPort портына жалғаңыз. 2.
USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt™ құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз. 3.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi) анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз. Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
USB Type-C портына құрылғыларды жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқылық режимді және күту күйін пайдалану ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1.
Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде оның жұмысын аяқтаңыз. Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады. Зарядтау уақыты +/- 10% дейін өзгеруі мүмкін.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады. Сонымен қатар, бұл құпия сөз DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. Ағымдағы BIOS әкімші құпия сөзін енгізіңіз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін DriveLock опцияларын қолдану DriveLock – қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған.
4. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін қойыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
DriveLock қолмен таңдау ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып қалуын болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін компьютерден қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытып қалсаңыз, қатты диск мүлдем жабылып қалады және оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1.
5. DriveLock бағдарламалық құралын өшіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 6. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз. DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес).
Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) пәрменін және Учетные записи (Есептік жазбалар) параметрін таңдаңыз, одан кейін Параметры входа (Кіру параметрлері) пәрменін таңдаңыз. 2. Құпия сөзді және сандық PIN кодын қосу үшін Windows Hello ішінде экрандағы нұсқауларды орындаңыз, одан кейін саусағыңыздың ізін немесе бетіңіздің сәйкестендіру нөмірін қосыңыз.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Microsoft корпорациясы қауіпсіздік жаңартулары қамтуы мүмкін болатын Windows жаңартулары бар екені туралы ескертеді.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client Security бағдарламасының Credential Manager құралы тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне жүгініңіз.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдары арқылы жасау (59-бет) бөлімін қараңыз).
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютер сәтті орнатылған соң, HP Recovery Manager көмегімен компьютерде НР қалпына келтіру бөлімінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Бұл сақтық көшірме HP қалпына келтіру медиасы деп аталады. Қатты диск бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда, HP Қалпына келтіру медиасын бастапқы операциялық жүйені қайта орнату үшін қолдануға болады.
● Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз. ● Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін тоқтатпаңыз. ● Қажет болса, барлық қалпына келтіру медиа құралының жасалуы аяқталғанға дейін бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD немесе флэш-жад дискісін жасауды аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру сұралады.
HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін пайдалану арқылы алдыңғы күйге қайтару HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіру үшін пайдалануға болады: ● Алдын ала орнатылған қолданбалардың немесе драйверлердің ақаулықтарын шешу: алдын ала орнатылған қолданбаның немесе драйвердің мәселесін шешу үшін: 1.
Бастамас бұрын, келесі ақпаратты ескеріңіз: ● HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген тасығыштан қайта орнату керек. ● Компьютердің қатты дискісі істен шықса, HP Recovery медиа құралы пайдаланылуы тиіс. Бұл медиа HP Recovery Manager арқылы жасалады.
▲ НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту (64-бет) бөлімін қараңыз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау ● Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік және тіл параметрлері зауыттың әдепкі параметрлерін сақтағанда өзгертілмейді.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
Жүктеу ретін F9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін: ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттер: ▲ ● Пернетақтасы жоқ компьютерлер немесе планшеттер: ▲ 2.
HP Sure Start бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Таңдаулы компьютер үлгілерінде компьютердің BIOS бағдарламасын шабуылдардан немесе бүлінуден қорғау үшін бақылайтын HP Sure Start технологиясы орнатылады. Егер BIOS жүйесі бүлінсе немесе рұқсатсыз қатынасу орын алса, HP Sure Start бағдарламасы пайдаланушының қатысуынсыз BIOS жүйесін оның алдыңғы күйіне автоматты түрде қалпына келтіреді.
11 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
Компьютерде Windows операциялық жүйесі жүктелмесе, аппараттық құралдардың мәселелерін диагностикалау үшін HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын пайдалануға болады. HP PC Hardware Diagnostics UEFI арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық анықталған кезде ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады. Мәселені шешумен көмек алу үшін қолдау қызметімен байланысып, ақаулықтың идентификациялық кодын хабарлаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек таңдаулы өнімдерде) жүктеп алу ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеу қажет. HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек таңдаулы өнімдерде) жүктеу үшін: 1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. 2.
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал және драйверлерді жүктеп алу) санатын таңдап, құрылғының түрін таңдаңыз, одан кейін іздеу жолағында өнім атауын немесе нөмірін теріңіз де, компьютер үлгісін және операциялық жүйені таңдаңыз. 3. Өнімге қажетті Remote UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін, Diagnostics (Диагностика) бөлімінде берілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер Арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл біздің әрбір әрекетімізде көрінеді. Мұнда адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасау мақсатында атқаратын жұмыстарға ерекшеліктерді орнату жолының кейбір мысалдары берілген. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технология адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
● Өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты көмекші технологияны жетілдіретін ішкі және сыртқы зерттеу және дамыту бөліміне қолдау көрсету. ● Арнайы мүмкіндіктерге арналған өндірістік стандарттар мен нұсқауларға қолдау көрсету және үлес қосу. Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік.
● HP Elite x3 – Арнайы мүмкіндіктер опциялары (Windows 10 Mobile) ● HP компьютерлері – Windows 7 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютерлері – Windows 8 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютері – Windows 10 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP Slate 7 планшеттері – HP планшетінде (Android 4.1/Jelly Bean) арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3,4.
Веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулар (WCAG) W3C Интернетке қолжетімділік бастамасының веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулары (WCAG) веб-дизайнерлер мен әзірлеушілерге физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне жақсырақ сәйкес келетін сайттарды жасауға көмектеседі. WCAG арнайы мүмкіндіктерді веб-мазмұн (мәтін, суреттер, аудио және бейне) мен веб-қолданбалардың толық ауқымы арқылы жетілдіреді.
аппараттық құралдар мен бағдарламалық құралдардың телефон желісі жабдығын және үйде немесе кеңседе қолданылатын телекоммуникациялық жабдықты қамтиды. Мұндай жабдыққа телефондар, сымсыз телефондар, факс машиналары, жауап беру құрылғылары және пейджерлер кіреді.
алынған пікірлер тізімі мен уақытша топпен байланысу түрлері) туралы толық деректерді Арнайы 333 уақытша тобы бөлімінен қарауға болады. Қолайлы сынау және растау жоспарларын бағалауға қатысты бөліктер CEN BT/WG185/PT бөлімінде толық сипатталған параллель жоба арқылы жүзеге асырылды. Қосымша ақпарат алу үшін, CEN жобасы тобының веб-сайтына өтіңіз. Екі жоба да мұқият үйлестірілді.
● Керең адамдардың ұлттық бірлестігі ● Соқыр адамдардың ұлттық федерациясы ● Солтүстік Америкалық қалпына келтіру инженерлік және көмекші технология қоғамы (RESNA) ● Керең және есті қабілеті нашар адамдарға арналған байланыс құралдары корпорациясы (TDI) ● W3C Интернетке қолжетімділік бастамасы (WAI) Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге
86 – Дүйсенбі-жұма күндері, қысқы уақыт аймағындағы 6:00 мен 21:00 аралығында (888) 259-5707 нөміріне қоңырау шалыңыз. – Физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін байланыс пішімін аяқтаңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 81, 82 А Автоматты DriveLock 46 ажырату 47 қосу 46 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 47 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 34 алдыңғы күйге қайтару 59 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 79 табу 80 арнайы мүмкіндіктер 79 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 79 табу 80 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 80 Арнайы мүмкіндіктер туралы HP саясаты 79 арнайы пернелер, пайдалану 15 астыңғы жағы 18 аудио 30 гарнитуралар 31 дыбыс парамет
WLAN 18 қызмет 17 нормативтік 18 сериялық нөмір 17 сымсыз куәлік 18 жауапсыз жүйе 37 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 51 жұмыс ортасы 77 жұмысты аяқтау 37 жүйені қалпына келтіру 62 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 59 жүктеу реті, өзгерту 64 З зауытта пломбаланған батарея 40 К камера 7 анықтау 7, 10 пайдалану 30 камера шамы, анықтау 7 компьютерді қорғау 56 компьютерді өшіру 37 компьютерді сапарға алып шығу 18, 57 компьютерді тазалау 56 компьютерді тасымалдау 57 корпоративтік WLAN қосылымы 20 Күт
USB Type-C қуат коннекторы және Thunderbolt порты 4 USB Type-C 35 USB Type-C SuperSpeed 5 USB Type-C SuperSpeed порты және DisplayPort 32 USB Type-C Thunderbolt 33 Р ресурстар, арнайы мүмкіндіктер 84 С сақтық көшірме, жасау 59 сақтық көшірмелер 59 саусақ іздері, тіркеу 50 саусақ ізін оқу құрылғысы 53 саусақ ізін оқу құрылғысы, анықтау 10 Сенсорлы тақта пайдалану 26 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 13 Сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 26 Сенсорлы тақтадан екі саусақты сырғыту қимылы 27 Сенсорлы
Computer Setup BIOS әкімші құпия сөзі 44 жылжу және таңдау 66 зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 66 D DisplayPort, USB Type-C портын анықтау 5 DriveLock ажырату 49 қосу 49 сипаттама 48 DriveLock басты құпия сөзі* өзгерту 50 Drivelock құпия сөзі енгізу 50 өзгерту 50 параметрлер 48 E esc пернесі, анықтау 15 F fn құлпы шамы, анықтау 14 fn пернесі, анықтау 15 G GPS 21 H HP 3D DriveGuard 55 HP Client Security 52 HP LAN-Wireless Protection 23 HP MAC Address Pass Through 24 HP PC Hardware Diagnostics UEFI ба