Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2017 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Lync, Microsoft, Office 365, Skype және Windows – тіркелген сауда белгілері немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгілері. MicroSD – SD-3C компаниясының Америка Құрама Штаттарында және басқа елдерде тіркелген сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Құрамдас бөліктер ......................................................................................................................................
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ................................ 25 Bluetooth құрылғыларын қосу .................................................................................... 25 NFC мүмкіндігін ақпаратты бөлісу үшін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ...................... 25 Ортақ пайдалану ........................................................................................................... 25 Сымды желіге қосылу .................................................
6 Қуат басқару .............................................................................................................................................. 39 Ұйқы немесе күту күйін пайдалану .................................................................................................................. 39 Ұйқылық күйді қосу және одан шығу ........................................................................................... 39 Күту күйін бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) ..................
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану ........................................................................... 56 Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату ............................................................................................... 56 HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ................................................... 57 HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану ..........................................
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ............................. 71 BIOS нұсқасын жаңарту .................................................................................................................. 72 BIOS нұсқасын анықтау ................................................................................................ 72 BIOS жаңартуын жүктеп алу ........................................................................................
x
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (22-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар ▲ Мазмұны http://www.hp.com/go/orderdocuments вебторабына өтіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Құрамдас бөліктер Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпарат алу үшін fn+esc пернелерін басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
Бөлік Сипаттама – немесе – Түрлі USB, бейне, HDMI және LAN құрылғыларын жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы мүмкін. – немесе – Дисплей шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-C қосқышы бар дисплей құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар, компьютеріңіз Thunderbolt қондыру станциясына қолдау көрсетуі мүмкін. (3) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: Батарея заряды 90% асады. ● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Сол жағы ЕСКЕРТПЕ: Порт пен қосқыш белгішелері қорғаныш қақпағында орналасқан. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (5) Қалам бауы ұялары Қосымша қаламды қалам бауы арқылы қосуға мүмкіндік береді. Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы жарық сенсоры Қоршаған ортаның жарығына қарай дисплей жарықтығын реттейді.
Бөлік (7) Сипаттама Инфрақызыл камера шамы Қосулы: Инфрақызыл камера пайдаланылуда. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Астыңғы жағы ЕСКЕРТПЕ: Қондыру қосқышы белгішесі қорғаныш қақпағында орналасқан. Бөлік Сипаттама (1) Туралағыш өзек қосқыштары (2) Қосымша пернетақтадағы туралағыш өзектерге жалғайды. (2) Қондыру қосқышы Планшетті қосымша пернетақтаға жалғайды.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) Веб-камера (артқы жағы) Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір өнімдерде бейне ағыны мүмкіндігі көмегімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады. (2) Камера жарқылы Камера жарқылын қамтамасыз етеді. Камера жарқылын камера бағдарламаларын пайдалану арқылы басқаруға болады. (3) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы өнімдерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows® амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
2. Қайырмалы тіректі компьютерден көтеру үшін қайырмалы тірек ілгектерінің біреуін пайдалану арқылы қайырмалы тіректі қажетті бұрышта орналастырыңыз. Қайырмалы тіректі жабу үшін ол түбімен сәйкестендірілгенше оны компьютердің төменгі жағына қарай итеріңіз. Пернетақта бөліктері (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютер қосымша пернетақтаны қолдайды. Осы бөлімде қолдау көрсетілетін пернетақталардың жалпы мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі.
Қосымша пернетақтаны жалғау 1. Қосымша пернетақтаны жалғау үшін, компьютерді қосқыштар орнына түскенше пернетақтадағы туралағыш өзек қосқыштарына (1) түсіріңіз. 2. Қайырмалы тіректі (2) қажетті бұрышта орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қайырмалы тірек жабылғанда, пернетақтаның артқы жағы компьютердің артқы жағына қарсы орналасуы үшін, пернетақтаны тіркелген күйде қалдырып, компьютердің артында бұраңыз.
Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (2) Fn құлпы шамы ● Қосулы: Fn пернесі құлыпталды. Қосымша ақпаратты Жылдам пернелер (тек таңдаулы өнімдерде) (16-бет) бөлімінен қараңыз. (3) Дыбысты өшіру шамы ● Қосулы: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Қосулы: Микрофон өшірулі. ● Өшірулі: Микрофон қосулы. (4) Микрофон дыбысын өшіру шамы (5) Num lk шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Әрекеттер пернелері (15-бет) бөлімін қараңыз. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Әрекеттер пернелері (15-бет) бөлімін қараңыз.
Белгіше Сипаттама Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады. Микрофонды үнсіздендіреді. Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. ЕСКЕРТПЕ: num lk Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз. Орнатылған сандар пернетақтасын қосады және өшіреді.
Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін басып, келесі кестеде көрсетілген пернелердің біреуін басыңыз. Перне Сипаттама C Жылжу құлпын қосады. E Кірістіру функциясын өшіреді. R Әрекетті тоқтатады. S Экран суретін алады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Бөлік (1) Модель атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
6. Салғышты компьютерге орнына салыңыз. Карта салғышын (4) нық отырғанша жайлап басыңыз. Мобильді желіні орнату үшін ақпаратты мобильді байланыс жеткізушісінің құжаттарынан қараңыз. SIM картасын шығарып алу үшін, қадамдарды кері ретімен орындаңыз. microSD жад картасын оқу құрылғысын пайдалану Қосымша microSD жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді.
5. Салғышты компьютерге орнына салыңыз. Карта салғышын (4) нық отырғанша жайлап басыңыз. Құрылғы анықталғанда дыбыс естисіз және параметрлердің мәзірі көрінуі мүмкін. МicroSD жад картасын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында microSD жад картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
7. Салғышты компьютерге орнына салыңыз. Карта салғышын (4) нық отырғанша жайлап басыңыз.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз байланыс түймесі Компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP мобильді байланысты қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар қолданылмайды.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
2. а. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында беспроводное (сымсыз) деп теріп, Включение и отключение беспроводных устройств (Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру) опциясын таңдаңыз. ә. NFC мүмкіндігінің Вкл (Қосулы) параметрінің таңдалғанына көз жеткізіңіз. NFC түрту аймағын NFC функциясы қосылған құрылғымен түртіңіз. Құрылғылар қосылған кезде дыбыс естілуі мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: қараңыз. 3.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану LAN ортасында LAN желісін рұқсатсыз кіруден қорғау үшін HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігінің параметрлерін орнатуға болады.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Жүйенің Media Access Control (MAC) мекенжайы көмегімен компьютеріңізді және оның коммуникациялау оқиғаларын желіде анықтау жолын теңшеуге болады. Жүйелік MAC мекенжайы көмегімен қондыру станциясы немесе сыртқы сымсыз адаптер сияқты сыртқы құрылғы арқылы желіге қосылған компьютерді анықтауға болады.
4 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) ● Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Меңзегіш таяқшаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыс
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен (тек таңдаулы өнімдерде) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз.
● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Қосымша пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану Қосымша пернетақта және тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер тіркесімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау Бөлік Сипаттама (1) Қаламның ұшы Қаламның ұшы экранға тигізілгенде қалам компьютермен әрекеттеседі. (2) Қалам түймесі Мүмкіндіктер әртүрлі болуы мүмкін. Осы түйменің конфигурациясын көрсету немесе өңдеу үшін компьютерде қалам бағдарламасын пайдаланыңыз. (3) Bluetooth шамы Көк түспен баяу жыпылықтау: қалам жұптасу күйінде. Көк түспен тез жыпылықтау: қалам сәтті түрде жұпталған.
Қаламды пайдалану үшін жұптастыру 1. Қаламды Bluetooth арқылы жұптастыруға дайындау үшін жұптасу түймешігін 5 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Қалам жұптасу үшін дайын болған кезде, Bluetooth шамы көк түспен жанады. 2. Компьютердегі тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында bluetooth сөзін теріп, Параметры Bluetooth (Bluetooth параметрлері) тармағын таңдаңыз. 3. Bluetooth параметрі үшін Вкл (Қосулы) опциясы орнатылғанын тексеріп, қаламды таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Құрамдас бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, дисплей күйі өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны сыртқы қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Осы тарауда сипатталған қуат басқару мүмкіндіктерінің кейбіреулері компьютеріңізде жұмыс істемеуі мүмкін. Ұйқы немесе күту күйін пайдалану ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту күйін бастау және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен компьютерді өшіреді. Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса және сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп қойыңыз. Ұсынылатын процедура Windows жүйесінің Жұмысты аяқтау пәрмені болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер сыртқы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы батареяның зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютерлерде ғана графикалық режимдер батареяның зарядын үнемдеу мақсатында қолданылады.
● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Энергосбережение (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз. ● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Зауытта пломбаланған батарея Батареяның күйін бақылау үшін немесе батарея заряды тұрмайтын болса, HP Support Assistant бағдарламасының ішіндегі НР Battery Check (Батареяны тексеру) утилитасын іске қосыңыз (тек таңдаулы өнімдерде). 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Экран жарықтығы жоғарылайды. ● Қуат белгішесінің көрінісі өзгереді. Сыртқы қуат көзінен ажырату кезінде: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның зарядын үнемдеу үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Қуат белгішесінің көрінісі өзгереді.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады. Сонымен қатар, бұл құпия сөз DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. Ағымдағы BIOS әкімші құпия сөзін енгізіңіз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін DriveLock опцияларын қолдану DriveLock – қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған.
4. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін қойыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу Егер автоматты DriveLock мүмкіндігі қосулы және диск бастапқы компьютерге жалғанған күйінде қалса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы берілмейді. Дегенмен, егер диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі.
DriveLock басты құпия сөзін тағайындау DriveLock құралының басты құпия сөзін орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
3. Қорғалатын қатты дискіні таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. 4. Enable DriveLock (DriveLock құралын қосу) пәрменін таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. 5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз. 6. DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату және DriveLock мүмкіндігін қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймешігін басыңыз. 3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі. Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Client Security бағдарламалық құралы компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Осы бағдарламалық құралға тапсырмалар тақтасының немесе Windows басқару тақтасының оң жақ шетіндегі HP Client Security белгішесі арқылы қатынасуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор: ● Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында ● Пернетақтаның оң жағында ● Дисплейдің үстіңгі оң жағында ● Дисплейдің сол жағында ● Дисплейдің артқы жағында Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (67-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (67-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (69-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті пернетақта қондырмасына жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау ● Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік және тіл параметрлері зауыттың әдепкі параметрлерін сақтағанда өзгертілмейді.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
Жүктеу ретін F9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін: ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ ● Пернетақтасы жоқ компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ 2.
HP Sure Start жайлы жаңартылған құжаттарды ашу үшін http://www.hp.com/support мекенжайына кіріңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. НР өнімдерінде бар арнайы мүмкіндіктер туралы ақпаратты ашу үшін http://www.hp.com/ accessibility сілтемесін басыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 50 ажырату 51 қосу 50 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 52 ағытпа, қуат 4 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 38 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 арнайы пернелер 14 астыңғы жағы 18 Аудио 36 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріккен ұясы, анықтау 5 Ә әкімші құпия сөзі 47 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 60 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 60 вирусқа қарсы 55 Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 59 желіаралық
компьютерді сапарға алып шығу 18, 62 компьютерді тазалау 61 компьютерді тасымалдау 62 корпоративтік WLAN қосылымы 23 Күту қосу 40 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 43 шығу 40 күтім HP 3D DriveGuard 60 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 60 Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 59 кірістіру 17 кірістірілген камера жарқылы, анықтау 10 кірістірілген камера шамы, анықтау 7 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 68 Қ қайырмалы тірек, анықтау 10 қалам, жұптау 34 қалам бауы ұясы, анықтау 7
Сенсорлы тақта аймағы анықтау 13 Сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 29 сенсорлы тақтадағы екі саусақпен жылжу қимылы 30 Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен қысып масштабтау 29 түрту 29 Сенсорлы тақта қимылдары екі саусақпен жылжу 30 екі саусақпен түрту 30 төрт саусақпен түрту 30 үш саусақты сырғыту 31 Сенсорлы тақтаны екі саусақпен түрту қимылы 30 Сенсорлы тақтаны пайдалану 29 Сенсорлы тақтаның төрт саусақпен түрту қимылы 30 Сенсорлы тақтаның үш саусақты сырғыту
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану 76 HP Recovery Manager жүктеу мәселелерін шешу 68 қосу 68 HP Recovery құралы жасау 64 HP Touchpoint Manager 57 HP жүйені қалпына келтіру құралы қалпына келтіру 68 HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі 42 HP ресурстары 2 M microSD жад картасы салу 19 шығарып алу 20 Miracast 38 N NFC 25 num lock пернесінің шамы 14 P POGO істікшелі коннекторы, анықтау 9 S SIM картасы салу 4 шығарып алу 4 SIM картасының ұясы, анықтау 4 Sure Start пайдалану 74 T Thunderbolt USB Type-C анықта