Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2017 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/ немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде).
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ...................................................................................................................................... 22 Жүйелік MAC мекенжайын қосу және теңшеу .............................................................................. 22 4 Экранда шолу .....................................................................................................................................
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу ....................................................................................... 37 Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ................................. 37 Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу ............................ 37 Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу ..............................................................................................................................
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ....................................................................... 52 Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................................................. 52 HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ................................ 53 HP 3D DriveGuard күйін анықтау .................................................................................. 53 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ....
12 Техникалық сипаттамалар ....................................................................................................................... 70 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................................. 70 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................................... 70 13 Электростатикалық разряд .......
xii
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар ▲ Мазмұны http://www.hp.com/go/orderdocuments вебторабына өтіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. *НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Бөліктер Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: Батарея заряды 90% асады. ● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай тұрғанда): (3) Желдеткіш тесік ● Сары түсте жыпылықтау: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Бөлік Сипаттама қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық қосымша автономды микрофонды қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Дисплей ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) Камера шамы Қосулы: Камера пайдаланылуда. (3) Камера Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Пернетақта аумағы Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік 10 Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы.
Түймешік Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Арнайы пернелер ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Осындай пернелер тіркесімдері жылдам пернелер деп аталады. (3) Windows пернесі Бастау мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Бастау мәзірі жабылады. (4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекет пернелері Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді анықтау үшін Арнайы пернелер (12-бет) бөлімін қараңыз. ▲ Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз. Белгіше Сипаттама Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама және қолдау орталығын ашады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны құлыптау Батарея орнына батареяны құлыптайды. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (4) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (5) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Бөлік 16 (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. 2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет.
– немесе – Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз. 2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз. 3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі күйінің белгішесін басыңыз. Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Параметры Bluetooth (Bluetooth параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер ол әлі қосылмаған болса, Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз. 3. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде HP LAN WLAN қорғанысы деп аталатын мүмкіндік қосулы болуы мүмкін. Құрылғы LAN желісіне тура қосылған кезде, сымсыз (Wi-Fi) байланыс өшіріледі.
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін түртіңіз. 3. Advanced (Қосымша), одан кейін Built-in Device Options (Кірістірілген құрылғы параметрлері) пәрмендерін таңдаңыз. 4. LAN желісіне қосылған кезде, WLAN қосылыстарын өшіру үшін LAN/WLAN Auto Switching (LAN/ WLAN автоматты ауысу) құсбелгісін алып тастаңыз. 5.
6. Custom (Теңшеу) параметрін таңдасаңыз, MAC ADDRESS опциясын таңдап, өзгертілген жүйелік MAC мекенжайын енгізіңіз, одан кейін enter пернесін басып мекенжайды сақтаңыз. 7. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
4 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз. ● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. 26 ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз. Камераны пайдалану Компьютердің бейне жазатын және фотосуреттер түсіретін камерасы (кірістірілген камера) бар.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады. Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқы немесе күту күйін пайдалану ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Батарея зарядын көрсету Батарея зарядының қалған пайыздық көрсеткішін және ағымдағы қуат жоспарын қарау үшін, тінтуір меңзерін Қуат белгішесінің үстіне орналастырыңыз. HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде) Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
● Қуат белгішесі батареяның төмен немесе қауіпті деңгей хабарландыруын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Қуат белгішесі туралы қосымша ақпарат алу үшін Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану (35-бет) бөлімін қараңыз. Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды: ● Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
3. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз. Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы қуат көзіне қосыңыз: ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнату немесе жаңарту кезінде ● Жүйенің BIOS нұсқасын жаңарту кезінде ● Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы өнімдерде). ● Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) бағдарламасы іске қосылғанда. ● Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз.
6. Жаңа құпия сөзіңізді қайта енгізу сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін қайта басыңыз. 7. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралғанда, BIOS әкімші құпия сөзін енгізіп, enter пернесін басыңыз. 3. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын, DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу Егер автоматты DriveLock мүмкіндігі қосулы және диск бастапқы компьютерге жалғанған күйінде қалса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы берілмейді. Дегенмен, егер диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі.
5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз. 6. DriveLock басты құпия сөзін орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасынан шықпас бұрын DriveLock мүмкіндігін қосуға және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнатуға болады. Қосымша ақпаратты DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату (47-бет) бөлімінен қараңыз. 7.
1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын, DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 3. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде Microsoft Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге болады. Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы, желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мәселені уақытша шешу үшін, желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Қауіпсіздік кабелін компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (60-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (60-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (62-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті пернетақта қондырмасына жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау ● Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз. ● Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен көрсеткілерді пайдаланыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін басыңыз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік және тіл параметрлері зауыттың әдепкі параметрлерін сақтағанда өзгертілмейді. BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Обновления (Жаңартулар) пәрменін басып, Проверить наличие обновлений и сообщений (Жаңартуларды және хабарларды тексеру) пәрменін басыңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз: а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
12 Техникалық сипаттамалар Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. НР өнімдерінде бар арнайы мүмкіндіктер туралы ақпаратты ашу үшін http://www.hp.com/ accessibility сілтемесін басыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 44 ажырату 45 қосу 44 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 46 ағытпа, қуат 6 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 31, 32 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 алу, пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея 37 астыңғы жағы 16 Аудио 29 аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) біріккен ұясы, анықтау 6 Ә әкімші құпия сөзі 41 әрекет пернелері пайдалану 13 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 53 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 53 вирусқа қарсы 49 Дис
компьютер, сапарға шығу 38 компьютерді қорғау 54 компьютерді өшіру 34 компьютерді сапарға алып шығу 16, 38, 55 компьютерді тазалау 54 компьютерді тасымалдау 55 корпоративтік WLAN қосылымы 18 Күту қосу 34 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 37 шығу 34 Күту режимі қосу 33 шығу 33 күтім HP 3D DriveGuard 53 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 53 Дискіні дефрагментациялау құралы 52 Дискіні тазалау 52 кірістірілген камера шамы, анықтау 8 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 12 кішірейтілген бейнені
сенсорлы экран қимылдары бір саусақты сырғыту 27 сериялық нөмір 15 сериялық нөмір, компьютер 15 сымсыз байланыс пернесі 17 сымсыз байланыс түймесі 17 сымсыз байланыс шамы 17 сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 17 түймешігі 17 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 18 корпоративтік WLAN қосылымы 18 қоғамдық WLAN қосылымы 18 қосылу 18 сымсыз куәландыру белгісі 16 сыртқы қуат көзін пайдалану 38 сыртқы қуат, пайдалану 38 сыртқы монитор порты 6, 30 Ф функциялық пернелер, анықтау 12 Т температура 38 тұтынылатын қу
T TPM параметрлері 67 U USB 2.0 порты, анықтау 5 USB 3.