User's Guide
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
3. Advanced (Қосымша), одан кейін Built-in Device Options (Кірістірілген құрылғы параметрлері)
пәрмендерін таңдаңыз.
4. LAN желісіне қосылған кезде, WLAN қосылыстарын өшіру үшін LAN/WLAN Auto Switching (LAN/
WLAN автоматты ауысу) құсбелгісін алып тастаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Manager
бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Жүйенің Media Access Control (MAC) мекенжайы көмегімен компьютеріңізді және оның
коммуникациялау оқиғаларын желіде анықтау жолын теңшеуге болады. Жүйелік MAC мекенжайы
көмегімен қондыру станциясы немесе сыртқы сымсыз адаптер сияқты сыртқы құрылғы арқылы желіге
қосылған компьютерді анықтауға болады. Бұл мекенжай әдепкі параметрлер бойынша ажыратылған.
Жүйелік MAC мекенжайын қосу және теңшеу
1. Желі кабелін компьютер, қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралындағы желі
ұясына жалғаңыз.
2. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
●
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
●
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
3. Advanced (Қосымша), одан кейін Host Based MAC Address (Хостқа негізделген МАС мекенжайы)
пәрмендерін таңдаңыз.
4. Host Based MAC Address (Хостқа негізделген МАС мекенжайы) опциясының оң жағындағы өрісте
мына параметрлерді таңдаңыз: хостқа негізделген МАС мекенжайын қосу үшін System (Жүйе)
параметрін немесе мекенжайды өзгерту үшін Custom (Теңшеу) параметрін таңдаңыз.
5. Жүктелу ретін және қолдауы бар құрылғыларды таңдаңыз.
22 3-тарау Желі қосылымдары