User's Guide

Мобильді құрылғыға қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Orbit бағдарламасы үшін файлдар, суреттер, бейнелер мен басқа ақпаратты мобильді құрылғы мен
компьютер арасында оңай жылжыту жолын қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: HP Orbit бағдарламасының параметрлерін орнатпас және оны пайдаланбас бұрын
компьютер мен мобильді құрылғы бір Wi-Fi желісіне қосылғанын тексеріңіз.
HP Orbit параметрлерін орнату үшін:
1. Мобильді құрылғыңыздың нұсқасына сәйкес HP Orbit бағдарламасын қолданбалар дүкенінен
жүктеп орнатыңыз
.
2. HP Orbit бағдарламасын мобильді құрылғыңызда ашыңыз.
3. Компьютерде Пуск (Бастау) түймесін басып, HP Orbit бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
HP Orbit бағдарламасын тапсырмалар тақтасының белгішесі арқылы ашыңыз.
4. Жұптастыру кодын енгізу және орнатуды жалғастыру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғылар бір-біріне қосылғаннан кейін, HP Orbit бағдарламасы қосылған құрылғыларды жадында
сақтап, олар бір Wi-Fi желісіне қосылған кезде, құрылғылар арасында файлдарды жіберуге мүмкіндік
береді.
Файлдарды мобильді құрылғыдан компьютерге тасымалдау үшін:
1. HP Orbit бағдарламасын мобильді құрылғыңызда ашыңыз.
2. Файл түрін таңдаңыз.
3. Файлды таңдап, Отправить (Жіберу) түймешігін басыңыз.
Тасымалдау аяқталғанда, файл компьютердегі HP Orbit Canvas аймағында пайда болады.
Файлдарды компьютерден мобильді құрылғыға тасымалдау үшін:
1. Компьютеріңізде HP Orbit бағдарламасын ашыңыз.
2. Файлды компьютердегі HP Orbit Canvas аймағына апарып тастаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Тасымалдау аяқталғанда, файл мобильді құрылғыдағы HP Orbit Canvas аймағында пайда болады.
HP Orbit бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP Orbit бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Анықтама барлық тілдерде қолжетімді емес.
1. HP Orbit бағдарламасын ашыңыз.
2.
Параметры (Параметрлер) белгішесін басып, Справка (Анықтама) бағдарламасын таңдаңыз.
Қолдау көрсетілетін платформалар мен тілдер туралы қосымша ақпаратты http://www.hp.com/support
мекенжайынан қараңыз.
20 3-тарау Желіге қосылу