User's Guide
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Басқару
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant қолданбасын
қараңыз.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
Бейнені пайдалану 23