User's Guide
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы ауыстыратын батареяны
шығарып алу ақпараттың жоғалуына себеп болуы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін,
батареяны шығарып алмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
1. Компьютерді батареяны өзіңізге қаратып, тегіс бетте төңкеріп орналастырыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса,
қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз
немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері
құжатынан қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
34 6-тарау Қуат басқару