User's Guide

1 Қош келдіңіз
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау
экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows
пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады.
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша
ақпаратты Желі қосылымдары (19-бет) бөлімінен қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (51-бет) бөлімінен
қараңыз.
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, Бөліктер (4-бет) және Экранда шарлау (26-бет) бөлімдерін қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) түймесін басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің
сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына
келтіру (59-бет) бөлімін қараңыз.
1