User's Guide
– немесе –
Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз.
2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз.
3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі
күйінің белгішесін басыңыз.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір
(PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала
орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланыс
ақпаратының ішінде берілуі мүмкін немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі
мүмкін.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
HP Mobile Connect Pro қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Mobile Connect қызметі Pro – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect Pro қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM
картасы және HP Mobile Connect бағдарламасы болуы тиіс. HP Mobile Connect Pro туралы толығырақ
ақпаратты және сатып алу мүмкіндіктерін көру үшін http://www.hp.com/go/mobileconnect веб-
торабына өтіңіз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
GPS мүмкіндігін қосу үшін, орналасқан орнының Windows жүйесінің құпиялылық параметрлері астынан
қосылғанына көз жеткізіңіз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында местоположение (орналасқан орны) деп теріп,
Параметры конфиденциальности сведений о местонахождении (Орынның құпиялылық
параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Орынның параметрлерін пайдалану үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
●
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
●
Тінтуір
●
Сыртқы пернетақта
Сымсыз желіге қосылу 21