User's Guide

Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие
параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Егер ол әлі қосылмаған болса, Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз.
3. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз тізімде болмаса, сол құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігінің қосулы екенін
тексеріңіз. Кейбір құрылғылардың қосымша талаптары болуы мүмкін. Құрылғымен бірге берілген
құжаттарды қараңыз.
NFC мүмкіндігін ақпаратты бөлісу үшін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютеріңіз NFC қолдауы бар екі құрылғы арасында ақпаратты сымсыз ортақ пайдалану мүмкіндігін
беретін NFC технологиясына қолдау көрсетеді. Ақпарат телефон немесе құрылғының антеннасын
компьютердің түрту аймағымен (антеннамен) түрту арқылы тасымалданады. NFC және қолдау
көрсетілетін бағдарламалар арқылы веб-тораптарды ортақ пайдалануға, контактілер ақпаратын
тасымалдауға, төлемдерді аударуға және NFC функциясы қосылған принтерлерде басып шығаруға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі түрту аймағын табу үшін Бөліктер (4-бет) бөлмесін қараңыз.
Ортақ пайдалану
1. NFC функциясының іске қосылғанына көз жеткізіңіз.
а. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында беспроводное (сымсыз) деп теріп, Включение
и отключение беспроводных устройств (Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру)
опциясын таңдаңыз.
ә. NFC мүмкіндігінің Вкл (Қосулы) параметрінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
2. NFC түрту аймағын NFC функциясы қосылған құрылғымен түртіңіз. Құрылғылар қосылған кезде
дыбыс естілуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Басқа NFC құрылғысындағы антенна орнын табу үшін құрылғы нұсқауларын
қараңыз.
3. Экрандағы кез келген нұсқауларды орындап әрекетті жалғастырыңыз.
22 3-тарау Желі қосылымдары