User's Guide

Сымды желіге қосылу
Таңдаулы өнімдерде сымды байланыс қосылымдары жұмыс істеуі мүмкін: жергілікті желі (LAN) және
модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады және телефон кабелін пайдаланатын
модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ
болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі
бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде HP LAN WLAN қорғанысы деп аталатын мүмкіндік қосулы болуы мүмкін.
Құрылғы LAN желісіне тура қосылған кезде, сымсыз (Wi-Fi) байланыс өшіріледі. HP LAN WLAN
қорғанысы туралы қосымша ақпаратты HP LAN-WLAN қорғанысы мүмкіндігін (тек таңдаулы
өнімдерде) пайдалану (24-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютердегі RJ-45 порты жоқ болса, LAN желісіне қосылу үшін 8 істікшелі RJ-45 желілік кабелі,
қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралы қажет етіледі.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желі кабелін компьютер, қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралындағы желі
ұясына (1) жалғаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу
схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
Сымды желіге қосылу 23