User's Guide
▲ Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
●
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
3. Advanced (Қосымша), одан кейін Host Based MAC Address (Хостқа негізделген МАС мекенжайы)
пәрмендерін таңдаңыз.
4. Host Based MAC Address (Хостқа негізделген МАС мекенжайы) опциясының оң жағындағы өрісте
мына параметрлерді таңдаңыз: хостқа негізделген МАС мекенжайын қосу үшін System (Жүйе)
параметрін немесе мекенжайды өзгерту үшін Custom (Теңшеу) параметрін таңдаңыз.
5. Жүктелу ретін және қолдауы бар құрылғыларды таңдаңыз.
6. Custom (Теңшеу) параметрін таңдасаңыз, MAC ADDRESS опциясын таңдап, өзгертілген жүйелік
MAC мекенжайын енгізіңіз, одан кейін enter пернесін басып мекенжайды сақтаңыз.
7. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
HP MAC Address Manager туралы және жүйенің МАС мекенжайларын пайдалану туралы қосымша
құжаттарды көру үшін http://www.hp.com/support сілтемесін таңдаңыз. Найдите свое устройство
(Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Manager бағдарламасын (тек таңдаулы
өнімдерде) пайдалану
25