User's Guide
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Сыртқы құрылғыларды VGA порттарына немесе компьютер негізіндегі немесе қондыру
станциясындағы Displayport порттарына (DP) жалғау
2. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology
Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті
опцияларын басыңыз. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплей
құрылғыларындағы экран кескінін кеңейтетін Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын
барлық қосылған дисплей құрылғыларына жаятын Extend (Кеңейту) мәндерін қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер),
одан кейін Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық
мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi)
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлерді анықтау және оларға қосылу (тек
таңдаулы Intel үлгілерінде)
Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін
немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін
пайдаланыңыз.
Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді;
толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлеріне қосылу:
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Intel WiDi ашу үшін
▲
Intel WiDi тапсырмалар іздеу жолағына сөзін жазып, одан кейін Intel WiDi.
Бейнені пайдалану 35