User's Guide

Қалған батарея заряды нөл және 50% аралығында болған кезде батарея ең көп 30 минутта толық
сыйымдылығының 50% дейін зарядталады.
Қалған батарея заряды нөл және 90% аралығында болған кезде батарея ең көп 90 минутта толық
сыйымдылығының 90% дейін зарядталады.
HP жылдам зарядтау мүмкіндігін пайдалану үшін, компьютерді өшіріңіз, одан кейін айнымалы ток
адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
Батарея зарядын көрсету
Батарея зарядының қалған пайыздық көрсеткішін және ағымдағы қуат жоспарын қарау үшін, тінтуір
меңзерін
Қуат белгішесінің үстіне орналастырыңыз.
HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек
таңдаулы өнімдерде)
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру
керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар:
HP Battery Check
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Энергосбережение (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 39