User's Guide

Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді
жоюға болмауы мүмкін.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз
Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу
қажет.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз,
компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске
қосу кезінде орнатылады. Сонымен қатар, бұл құпия сөз
DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске
қосу кезінде орнатылады.
*Осы құпия сөздердің әрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS әкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS әкімші құпия сөзін орнату
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін
азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін
F10 пернесін басыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Create BIOS administrator password (BIOS әкімшісінің құпия сөзін
жасау) немесе Set Up BIOS administrator Password (BIOS әкімшісінің құпия сөзін орнату, тек
таңдаулы өнімдерде) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Сұралғанда, құпия сөзді теріңіз.
4. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
44 7-тарау Қауіпсіздік