User's Guide

6. Жаңа құпия сөзіңізді қайта енгізу сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін қайта
басыңыз.
7. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған
бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия
сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті
қайталаңыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін DriveLock опцияларын қолдану
DriveLock – қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған. DriveLock компьютердің
ішкі қатты дискі(лері)не қолдануға ғана жарамды. DriveLock дискіні қорғауға қолданылса, дискіге кіру
үшін тиісті құпия сөзді енгізу қажет болады. Бұғатсыздандыру үшін диск компьютерге немесе
жетілдірілген порт репликаторына енгізілуі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін DriveLock опциялары келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
Автоматты DriveLock: Автоматты DriveLock мүмкіндігін таңдау (тек таңдаулы өнімдерде)
(46-бет) бөлімін қараңыз.
DriveLock негізгі құпия сөзін орнату: DriveLock қолмен таңдау (48-бет) бөлімін қараңыз.
DriveLock құралын қосу: DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін
орнату (49-бет) бөлімін қараңыз.
Автоматты DriveLock мүмкіндігін таңдау (тек таңдаулы өнімдерде)
Автоматты DriveLock мүмкіндігін қоспас бұрын BIOS әкімші құпия сөзі орнатылуы тиіс. Автоматты
DriveLock мүмкіндігі қосылған кезде, кездейсоқ DriveLock пайдаланушылық құпия сөзі және BIOS
әкімші құпия сөзіне негізделген DriveLock басты құпия сөзі жасалады. Компьютер қосылғанда,
кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі дискті автоматты түрде бұғатсыздандырады. Диск басқа
компьютерге жылжытылған болса, дискті бұғатсыздандыру үшін, DriveLock құпия сөзін енгізу
сұралғанда бастапқы компьютердегі BIOS әкімші құпия сөзін енгізу қажет.
DriveLock мүмкіндігін қосу
Автоматты DriveLock мүмкіндігін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
46 7-тарау Қауіпсіздік