User's Guide

Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Қауіпсіздік кабелін
компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client Security бағдарламасының Credential
Manager құралы тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-тораптарда және
бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу үшін, HP Client Security
бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
Дисплейдің сол жағында
Дисплейдің артқы жағында
Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) 53