User's Guide
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті
пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
(62-бет) бөлімінен қараңыз.
Windows құралдарын пайдалану
Windows құралдары арқылы қалпына келтіру медиасын, жүйені қалпына келтіру нүктелерін және
жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмелерін жасауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды Get help (Анықтама алу) бағдарламасында қараңыз.
▲ Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get Help (Анықтама алу) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Get Help (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен шеберлік
деңгейін таңдаңыз:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық әдістер өнім үлгілерінің барлығында жұмыс істемеуі мүмкін.
●
Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және
компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша
ақпаратты Get help (Анықтама алу) бағдарламасында қараңыз.
▲ Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get Help (Анықтама алу) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Get Help (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет.
●
Алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мәселесін шешу қажет болса, жекелеген
қолданбаны немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager бағдарламасының
Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату опциясын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдаланыңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасыың іздеу жолағында recovery деп теріп, HP Recovery Manager
бағдарламасын таңдаңыз да, Переустановить драйверы и/или приложения (Драйверлерді
және/немесе қолданбаларды қайта орнату) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
●
Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға
немесе HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery
Manager арқылы қалпына келтіру (62-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиа құралы
жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде)
(60-бет) бөлімін қараңыз.
Windows құралдарын пайдалану 61