User's Guide

10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure
Start
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын
пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері,
компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта
іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup (BIOS) утилитасын бастау үшін USB пернетақтасын немесе USB тінтуірін
пайдалану
USB портына жалғанған пернетақта немесе тінтуір көмегімен Computer Setup утилитасын бастауға
болады, бірақ алдымен FastBoot мүмкіндігін өшіру қажет.
1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін, компьютерді қосыңыз
немесе компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және НР логотипі экранға шыққанда f9 пернесін
басыңыз.
2. Fast Boot құсбелгісін алып тастаңыз.
3. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Saveақтау)
белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын пайдалану 65