User's Guide
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
●
Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін
пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш
құрылғыны пайдаланыңыз.
●
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен
көрсеткілерді пайдаланыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін
басыңыз.
●
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу және басты Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу)
опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау және Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мәндеріне қайтару үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (65-бет) бөлімін қараңыз.
2. Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Apply Factory Defaults and Exit (Зауыттық әдепкі
параметрлерді қолданып шығу) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы өнімдерде, опциялар тізімінде Apply Factory Defaults and Exit (Зауыттық
әдепкі мәндерді қолданып шығу) опциясының орнына Restore Defaults (Әдепкілерді қалпына
келтіру) опциясы көрсетілуі мүмкін.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау)
белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
66 10-тарау Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start