HP LaserJet Managed E50045 - User's Guide

1-науаның қағаз бағыты
Егер арнайы бағытты қажет ететін қағазды пайдалансаңыз, оны келесі кестедегі ақпаратқа сәйкес
салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Alternative Letterhead Modeалама бланк режимі) параметрлері бланкіні немесе алдын ала
басып шығарылған қағазды салу жолына әсер етеді. Бұл параметр әдепкі жағдайда ажыратулы болады.
Бұл режимде пайдаланғанда, қағазды автоматты дуплекстік баспадағыдай салыңыз. Қосымша ақпаратты
Балама бланк режимін пайдалану (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Қағаз түрі Бір жақты баспа Екі жақты басып шығару және балама бланк
режимі
Бланк, алдын ала басылған немесе алдын ала
тесілген
Жоғары қаратып
Жоғарғы жиегін принтерге бірінші кіргізіп
Төмен қаратып
Төменгі жиегі принтерге қарайды
Балама бланк режимін пайдалану
Қағаз парағының бір жағына немесе екі жағына да басып шығарып немесе көшіріп жатсаңыз, барлық
баспа тапсырмалары үшін бланк немесе алдын ала басып шығарылған қағазды науаға бірдей салу үшін,
Alternative Letterhead Modeалама бланк режимі) мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл режимде
пайдаланғанда, қағазды автоматты дуплекстік баспадағыдай салыңыз.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін принтердің басқару тақтасының мәзірлерімен оны қосыңыз.
Принтердің басқару тақтасының мәзірлерін пайдалана отырып, баламалы бланк режимін қосу
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранында Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенше
оңнан-солға қарай сипаңыз. Settings (Параметрлер) белгішесін түртіп, мәзірді ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Науаларды басқару
Балама бланк режимі
3. Enabled (Қосылған) опциясын таңдап, Save (Сақтау) түймесін түртіңіз де, OK түймесін басыңыз.
KKWW 1-науаға (көп мақсатты науа) қағаз салу 17