HP LaserJet Managed E50045 - User's Guide

Тонер картриджін ауыстыру
Кіріспе
Төмендегі ақпаратта принтердің тонер картридждері туралы мәліметтер берілген және оны ауыстыру
туралы нұсқаулар қамтылған.
Тонер картриджі туралы ақпарат
Картриджді шығару және ауыстыру
Тонер картриджі туралы ақпарат
Бұл принтер тонер картриджі деңгейінің төмендегенін және қатты төмендегенін көрсетеді. Нақты тонер
картриджінің қалған жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы төмен болғанда ауыстырылатын
баспа картриджін қарастырып қойыңыз.
Принтердің картридждерін сатып алу немесе картридждің қолжетімділігін тексеру үшін HP SureSupply
бөліміне www.hp.com/go/suresupply сайтынан өтіңіз. Беттің төменгі жағына өтіп, елдің/аймақтың
дұрыстығын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: жоғары өнімділікті тонер картридждері бет өнімділігін арттыру үшін бірден аса стандартты
картриджді қамтиды. Толық ақпарат алу үшін www.hp.com/go/learnaboutsupplies бетіне өтіңіз.
Тонер картриджін ауыстырмайынша, оны қаптамасынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджін зақымдап алмау үшін, оны жарықта бірнеше минуттан көп ұстамаңыз. Тонер
картриджін принтерден ұзақ уақытқа алып тастау керек болса, жасыл бейнелеу барабанын жабыңыз.
Келесі суретте тонер картриджінің құрамдас бөліктері көрсетілген.
1 2
1 Жад картасы
2 Бейнелеу барабаны
ЕСКЕРТУ: Принтер барабанын ұстамаңыз. Саусақ іздері баспа сапасының ақауларына себеп болуы мүмкін.
KKWW Тонер картриджін ауыстыру 27