HP LaserJet Managed E50045 - User's Guide

HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша
конфигурациялау
Кіріспе
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
HP енгізілген веб-серверінің мүмкіндіктері
Басып шығару функцияларын өнімнің басқару тақтасынан емес, компьютерден басқару үшін HP ендірілген
веб
-серверді пайдаланыңыз.
Өнім күйі жөніндегі ақпаратты көру.
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
Өнімнің басқару панелінің мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
Өнім мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-сервері
IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және пайдалану үшін
интернетке кірудің қажеті жоқ.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-серверіне желілік брандмауэрдан тыс қол жеткізу мүмкін емес.
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
1. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі экраннан
Ақпарат белгішесін, одан кейін Желі белгішесін түртіңіз.
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғыш келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
Windows: Microsoft Internet Explorer 5.01 немесе соңғы шыққаны немесе Netscape 6.2 немесе соңғы
шыққаны
macOS: Bonjour немесе IP мекенжайын қолдану арқылы Safari немесе Firefox бағдарламалық құралын
қолдану
48 5-тарау Принтерді басқару KKWW