HP LaserJet Managed E50045 - User's Guide
Кесте 5-7 HP ендірілген веб-серверінің Networking (Желіге қосылу) қойындысы (жалғасы)
Мәзір Сипаттама
AirPrint Apple қолданылатын өнімдерден желіде басып шығару параметрін қосыңыз, реттеңіз
немесе өшіріңіз.
Тіл таңдау HP ендірілген веб-серверінде көрсетілетін тілді өзгертіңіз. Веб-беттер бірнеше тілге
қолдау көрсетсе, осы бет шығады. Таңдаулы түрде шолғышта тіл параметрлері
арқылы қолдау көрсетілетін тілдерді таңдаңыз.
Settings (Параметрлер) Ағымдағы қауіпсіздік параметрлерін көру және зауыттық әдепкі мәндерін қалпына
келтіру.
Қауіпсіздік конфигурациясы шебері арқылы қауіпсіздік параметрлерін реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Web Jetadmin сияқты желі басқару қолданбалары арқылы қауіпсіздік
параметрлерін реттеу үшін қауіпсіздік конфигурациясы шеберін пайдаланбаңыз.
Авторизация Конфигурацияны және осы өнімді пайдалануды, оның ішінде төмендегілерді
басқарыңыз:
● Конфигурация параметрлеріне кіруді басқару үшін әкімші құпия сөзін орнату
және өзгерту.
● HP Jetdirect баспа серверінде сандық куәліктерді сұрау, орнату және басқару.
● Кіруді басқару тізімі (ACL) (тек IPv4 желілеріндегі таңдалған баспа серверлері
үшін) арқылы осы өнімге басты болып кіруді шектеңіз.
Басқ. протоколдары Осы өнімге арналған қауіпсіздік параметрлері, оның ішінде төмендегілерді реттеп
басқарыңыз:
● HP ендірілген веб-серверіне арналған қауіпсіздік басқару деңгейін орнатыңыз
және HTTP және HTTPS арқылы трафикті басқарыңыз.
● SNMP (қарапайым желі басқару протоколы) әрекетін реттеңіз. Баспа серверіндегі
SNMP v1/v2c немесе SNMP v3 агенттерін қосыңыз не өшіріңіз.
● Басып шығару протоколдары, баспа қызметтері, анықтау протоколдары, атау
ажыратымдылығының қызметтері және конфигурация басқару протоколдары
сияқты қауіпсіз болмауы мүмкін протоколдар арқылы кіруді басқару.
802.1X аутентификациясы
(Таңдалған HP Jetdirect үлгілерінде ғана)
Jetdirect баспа серверінде 802.1X аутентфикациясының параметрлерін желідегі клиент
аутентификациясына қажет еткендей реттеңіз және 802.1X аутентификациясы
параметрлерінің зауыттық әдепкі мәндерін қалпына келтіріңіз.
ЕСКЕРТУ: 802.1X аутентификациясының параметрлерін өзгерткенде, өнім
байланысын жоғалтуы мүмкін. Қайта қосылу үшін баспа серверінің зауыттық әдепкі
мәндерін қалпына келтіріп, өнімді қайта қосу қажет болуы мүмкін.
IPsec/Firewall
(Таңдалған HP Jetdirect үлгілерінде ғана)
Брандмауэр саясатын немесе IPsec/Брандмауэр саясатын көріңіз немесе
конфигурациялаңыз.
Хабарлау агенті
(Таңдалған HP Jetdirect үлгілерінде ғана)
HP құрылғысының хабарлау агентін қосыңыз не өшіріңіз, конфигурациялық серверді
орнатыңыз және куәліктер арқылы өзара аутентификацияны реттеңіз.
Желі статистикасы HP Jetdirect баспа серверіне жиналған және сақталған желі статистикасын көрсетіңіз.
Протокол ақпараты HP Jetdirect баспа серверінен әр протокол үшін желі конфигурациясы параметрлерінің
тізімін қараңыз.
Теңшелім беті Күй мен конфигурация туралы ақпаратты қамтитын HP Jetdirect конфигурациялық
бетін қараңыз.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша конфигурациялау 53










