HP LaserJet Managed E50045 - User's Guide
3. General Security (Жалпы қауіпсіздік) мәзірін ашыңыз.
4. Set the Local Administrator Password (Жергілікті әкімші құпия сөзін орнату) деп белгіленген аймақтағы
Username (Пайдаланушы аты) жолына құпия сөзбен байланысты атты енгізіңіз.
5. Құпия сөзді New Password (Жаңа құпия сөз) жолына енгізіп, Verify Password (Құпия сөзді растау)
жолына қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұрыннан бар құпия сөзді өзгерту үшін, алдымен бұрыннан бар құпия сөзді Old Password
(Ескі құпия сөз) жолына енгізіңіз.
6. Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: құпия сөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз. Әкімші құпия сөзі қалпына
келтірілмейді. Егер әкімші құпия сөзі жоғалса немесе ұмытылса, принтерді толығымен бастапқы
қалпына келтіруге қажетті көмек үшін support.hp.com торабынан HP қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
Принтердің басқару панеліндегі кейбір мүмкіндіктерді қорғауға болады, сонда рұқсат етілмеген адамдар
оларды пайдалана алмайды. Мүмкіндік қорғалған кезде, оны пайдалана алуыңыз алдында принтер кіруді
ұсынады. Принтердің басқару панеліндегі Sign In (Кіру) түймесін басу арқылы шақыруды күтпестен кіруге
болады.
Әдетте принтерге кіретін тіркелгі деректері желіге кіретінмен бірдей болады. Егер қай тіркелгі деректерін
пайдалану керектігі туралы сұрақтарыңыз болса, осы принтердің желілік әкімшісіне хабарласыңыз.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Sign In (Кіру) түймесін түртіңіз.
2. Тіркелгі деректерін енгізу үшін, нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің қауіпсіздігін сақтау үшін, принтерді пайдалануды аяқтағанда Sign Out (Шығу)
опциясын таңдаңыз.
Шифрлау қолдауы: HP өнімділігі жоғары қауіпсіз қатты дискілері
Бұл қатты диск аппараттық құралға негізделген шифрлаумен қамтамасыз етеді, сондықтан құпия
деректерді принтердің жұмыс тиімділігіне ықпал етпей, қауіпсіз етіп сақтауға болады. Бұл қатты диск
соңғы Қосымша шифрлау стандартын (AES) пайдаланады және көп жақты уақыт үнемдеу мүмкіндігі мен
мықты функцияларды қамтиды.
Дискінің параметрлерін реттеу үшін, HP ендірілген веб-серверінің Security (Қауіпсіздік) мәзірін
пайдаланыңыз.
Пішімдеушіні құрсаулау
Пішімдеу құралында қауіпсіздік кабелін тағу үшін пайдалануға болатын ұяшық бар. Пішімдеу құралын
құлыптау ішінен маңызды компоненттерінің шығарылуының алдын алады.
60 5-тарау Принтерді басқару KKWW










