HP LaserJet Managed E50045 - Warranty and Legal Guide
Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі
ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ: Соңғы
пайдаланушының лицензиялық келісімі («EULA») — сіз бен HP немесе оның жабдықтаушылары
арасындағы бөлек лицензия келісіміне қатысты болмайтын, HP өнімімен («HP өнімі») пайдалану үшін HP
компаниясы орнатқан немесе қолжетімді еткен бағдарламалық құрал өнімін пайдалану ережелеріне
қатысты (а) сіз (жеке тұлға немесе сіз өкілдік ететін заңды тұлға) және (ә) HP Inc. («HP») арасында жасалған
заңды келісім. Басқа бағдарламалық құралдың онлайн құжаттамасында EULA келісімі болуы мүмкін.
«Бағдарламалық құрал өнімі» компьютердің бағдарламалық құралы болып табылады және құрамына
байланысты ақпарат тасушы құрал, басып шығарылған материалдар және «онлайн» немесе электрондық
құжаттама кіруі мүмкін
.
Осы EULA келісімінің қосымшасы немесе түзетпесі HP өнімімен жүруі мүмкін.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН
ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ, ЖҮКТЕП
АЛУ НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНУ ӘРЕКЕТТЕРІ ОСЫ EULA ШАРТТАРЫНА БАҒЫНАТЫНЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕДІ.
ЕГЕР ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, СІЗДІҢ БІР ҒАНА МҮМКІНДІГІҢІЗ — САТЫП
АЛҒАН ОРЫННЫҢ ӨНІМДІ ҚАЙТАРУ САЯСАТЫНА САЙ ӨНІМДІ (ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ЖАСАҚТАМАНЫ) 14 КҮН ІШІНДЕ ҚАЙТАРЫП БЕРУ.
EULA – ҒАЛАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ БӨЛЕК БІР ЕЛ, ШТАТ НЕМЕСЕ АУМАҚҚА ҒАНА ҚАТЫСТЫ ЕМЕС. ЕГЕР СІЗ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЕЛІҢІЗДЕГІ, ШТАТЫҢЫЗДАҒЫ НЕМЕСЕ АУМАҒЫҢЫЗДАҒЫ ТИІСТІ ТҰТЫНУШЫ
ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС САТЫП АЛҒАН БОЛСАҢЫЗ, ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ
ҚАРАМАСТАН, ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ ЕШҚАНДАЙ ТАРМАҒЫ ТҰТЫНУШЫ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС СІЗДІҢ
ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗҒА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ ЖӘНЕ EULA КЕЛІСІМІ СОЛ ҚҰҚЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ ШЕШІМДЕРМЕН
РЕТТЕЛЕДІ. ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ 16-БӨЛІМНЕН ҚАРАҢЫЗ.
1. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ. HP осы EULA келісімінің барлық шарттарымен және жағдайларымен келіскен
жағдайда келесі құқықтарды береді:
а. Пайдалану. Бағдарламалық құрал өнімін жалғыз компьютерде («Компьютеріңіз») пайдалануға
болады. Егер бағдарламалық құрал өнімі интернет арқылы қамтамасыз етілсе немесе бірнеше
компьютерде пайдалануға лицензия берілсе, бағдарламалық құралды тек сол компьютерлерде
пайдалануға болады. Бағдарламалық құрал өнімінің компонент бөлшектерін бірнеше
компьютерде пайдалану үшін бөлуге болмайды. Сіздің бағдарламалық құрал өнімін таратуға
құқығыңыз жоқ, сондай-ақ сіздің бағдарламалық құрал өнімін өзгертуге немесе оның
лицензиясын не болмаса басқару мүмкіндігін ажыратуға құқығыңыз жоқ. Бағдарламалық құрал
өнімін пайдалану мақсатында оны компьютердің уақытша жадына (ЖЖҚ) жүктеуге болады.
ә. Сақтау. Бағдарламалық құрал өнімін жергілікті жадыға немесе HP өнімінің сақтау құрылғысына
көшіруге болады.
б. Көшіру. Көшіру құқығы бағдарламалық құрал өнімінің мұрағаттық немесе сақтық көшірмесін
жасау әрекетін білдіреді және оның әр көшірмесі барлық түпнұсқа бағдарламалық құралы
өнімінің жекеменшік туралы ескертпелерін қамтып, тек сақтық көшірмесін сақтау мақсатында
пайдаланылу керек.
в. Құқықтарды қорғау. HP және оның жеткізушілері осы EULA келісімінде сізге тікелей берілмеген
барлық құқықтарды өздерінде сақтайды.
г. Тегін бағдарлама. Осы EULA келісімінің шарттары мен жағдайларына қарамастан, үшінші
тараптармен («Тегін бағдарламалар») әлеуметтік лицензияға сәйкес қамтамасыз етілетін HP
бағдарламалық құралы өнімінен тұратын өнімнің барлық немесе белгілі бір бөлігіне дискреттік
келісім, орама лицензия немесе электрондық лицензия шарттары пішінінде тегін бағдарлама
сияқты ілеспелі бағдарламалық құрал лицензиясы келісімінің шарттары мен жағдайларына
18 1-тарау Қызмет және қолдау KKWW










