HP LaserJet Managed E50045 - Warranty and Legal Guide
8. ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ.
а. Сіз HP және оның еншілес компаниялары бағдарламалық құрал өніміне қатысты қолдау көрсету
қызметтеріне байланысты сіз қамтамасыз еткен құрылғы және жеке пайдаланушы ақпаратын
жинайтынына, біріктіретініне және пайдаланатынына келісесіз. HP бұл ақпаратты сіз келісім
бермейінше пайдаланбауға келіседі. HP компаниясының деректерді жинау туралы ақпаратын
www.hp.com/go/privacy веб-сайтынан қараңыз
ә. Үшінші тараптардың жинауы/қолданысы. HP өніміне қосылған белгілі бір бағдарламалық
құралдарды («Үшінші тарап бағдарламалық құралы») үшінші тарап провайдерлері қамтамасыз
етіп, бөлек лицензия беріледі. Үшінші тараптың бағдарламалық құралын орнатып, осы
бағдарламалық құралды белсендіру
/сатып алу таңдалмаған жағдайда да HP өнімінде
пайдалануға болады. Үшінші тараптың бағдарламалық құралы жүйе (мысалы, IP мекенжайы,
бірегей құрылғы идентификаторы, орнатылған бағдарламалық құрал нұсқасы, т.б.) туралы
техникалық ақпаратты және басқа жүйе деректерін жинап тасымалдауы мүмкін. Осы ақпаратты
үшінші тарап техникалық жүйе атрибуттарын анықтау және жүйеге орнатылған бағдарламалық
құралдың ең соңғы нұсқасын қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Егер осы техникалық
ақпаратты жинауға немесе нұсқа жаңартуларын автоматты түрде жіберуге үшінші тараптың
бағдарламалық құралы керек болмаса, интернетке қосылу алдында бағдарламалық құралды
жою керек.
9. КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ РҰҚСАТ ЕТКЕНІНЕ СӘЙКЕС HP ЖӘНЕ
ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІН «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ЖӘНЕ БАРЛЫҚ
АҚАУЛЫҚТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ, СОЛ СЕБЕПТІ МЫНА КЕПІЛДІКТЕРДІ ҚОСА АЛҒАНДА, БІРАҚ
МҰНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, БАРЛЫҚ БАСҚА ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ ЗАҢМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН
КЕПІЛДІКТЕРДЕН, МІНДЕТТЕРДЕН ЖӘНЕ ШАРТТАРДАН БАС ТАРТАДЫ: (i) ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ
БҰЗБАУ; (ii) КОММЕРЦИЯЛЫҚ САПА; (iii) БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА САЙ КЕЛУ; (iv) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ
ӨНІМІНІҢ HP ӨНІМІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ КЕРЕК ЖАРАҚТАРМЕН
ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ ЖӘНЕ (v), БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ВИРУСТАРДЫҢ ЖОҚТЫҒЫ. Кейбір
облыстар/юрисдикциялар қолданбалы кепілдіктер барысында шектеулерге немесе ерекшелікке
рұқсат бермейді, сол себепті жоғарыдағы бас тарту сізге толығымен қолданылмауы мүмкін.
10. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ. Жергілікті заңға сәйкес орын алған зақымға қарамастан, осы EULA келісімі
бойынша HP компаниясы мен оның жеткізушілерінің толық жауапкершілігі мен сіз алатын жалғыз
өтемақыңыз бағдарламалық құрал өніміне төленген құннан артық мөлшермен немесе $5,00 АҚШ
долларымен шектеледі. ТИІСТІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ РҰҚСАТ ЕТКЕНІНЕ СӘЙКЕС, ЕШ
УАҚЫТТА HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ
ПАЙДАЛАНА АЛМАУҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕЙІ, БАЙҚАМАЙ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ ЖАСАЛҒАН
ЗАҚЫМДАР ҮШІН (ОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ МҰНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ТАБЫСТЫҢ ЖОҒАЛУЫ, ДЕРЕКТІҢ
ЖОҒАЛУЫ, БИЗНЕСКЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТУІ, АДАМ ЖАРАҚАТЫ НЕМЕСЕ ҚҰПИЯНЫҢ АШЫЛУЫ СИЯҚТЫ
ЗАРДАПТАР) НЕМЕСЕ ОСЫ EULA ТАЛАПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ, ТІПТІ HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ
ОСЫНДАЙ ЗАҚЫМДАРДЫҢ БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНДІГІ ТУРАЛЫ АЛДЫН АЛА АЙТЫЛСА ДА, ЖОҒАРЫДА
АЙТЫЛҒАН КОМПЕНСАЦИЯ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ЖЕТПЕГЕН ЖАҒДАЙДА ДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Кейбір штаттар/юрисдикциялар жанама немесе қосалқы зақымдарды есептемеуге немесе шектеуге
рұқсат бермейді. Сондықтан жоғарыда айтылған шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты болмауы
мүмкін.
11. АҚШ ҮКІМЕТІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ. FAR 12.211 және FAR 12.212 стандарттарымен сәйкестік,
коммерциялық компьютерлік бағдарламалық құрал құжаттамасы және коммерциялық элементтердің
техникалық деректері HP коммерциялық лицензия келісіміне сәйкес беріледі.
12. ЭКСПОРТТАУ ЗАҢДАРЫМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Бағдарламалық құрал өнімі (1) тікелей немесе жанама
түрде экспорт заңдарына қайшы экспортталмағанын немесе (2) экспорт заңдарымен тыйым салынған
мақсатта, оның ішінде ядролық, химиялық немесе биологиялық қару ретінде, пайдаланылмағанын
қамтамасыз ету үшін Америка Құрама Штаттары мен басқа елдердегі («Экспорт заңдары») барлық
заңдар мен ережелерге сәйкес болу керек.
20 1-тарау Қызмет және қолдау KKWW










