HP LaserJet Managed E50045 - Warranty and Legal Guide
13. КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАУ МҮМКІНДІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІГІ. Тұрғылықты орында заңды жасқа жеткеніңізді
және қолданбалы болған жағдайда осы келісімшартқа кіруге жұмыс берушімен заңды түрде
өкілеттік берілгенін көрсетесіз.
14. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ. EULA келісімі АҚШ-тың Калифорния штаты заңдарымен реттеледі.
15. ТОЛЫҚ КЕЛІСІМ. Бағдарламалық құрал өніміне қатысты бөлек лицензиялық келісімге отырғанға дейін
осы EULA келісімі (оның ішінде, HP өнімімен қамтылған осы EULA келісімінің қосымшасы немесе
түзетпесі) — сіз бен HP арасындағы бағдарламалық құрал өніміне қатысты толық келісім және ол
барлық бастапқы немесе өткен бағдарламалық құрал өніміне немесе осы EULA келісімімен қамтылған
барлық басқа нысанға қатысты ауызша немесе жазбаша байланыстардың, ұсыныстардың және
көрсетілімдердің орнына қолданылады
. Қолдау көрсету қызметтеріне арналған HP саясаттарының
немесе бағдарламаларының шарттары осы EULA келісімінің шарттарымен қарама-қайшы болса, осы
EULA келісімінің шарттары бойынша басқарылады.
16. ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ. Кейбір елдердегі, штаттардағы немесе аумақтардағы тұтынушылардың
тұтынушы заңнамасына сәйкес белгілі бір заңды құқықтары бар, осыған орай HP жауапкершілігі
заңмен жойылмайды немесе шектелмейді. Егер сіз бағдарламалық құралды еліңіздегі,
штатыңыздағы немесе аумағыңыздағы тиісті тұтынушы заңнамасына сәйкес сатып алған болсаңыз,
қолданыстағы заңға сәйкес осы EULA ережелерін оқу және қолданыстағы заң қаншалықты рұқсат
еткенге дейін оған қатысты қолдану қажет.
Австралия тұтынушылары: Егер сіз тұтынушы ретінде бағдарламалық құралды 2010 жылғы
Австралияның бәсекелестік және тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңының «Австралия
тұтынушыларының заңына» сәйкес сатып алған болсаңыз, осы EULA келісімінің кез келген ережесіне
қарамастан:
а. Бағдарламалық құралға кепілдіктер беріледі, олар тауар сапасының жарамдылығы және
қызметтердің тиісті біліктілікпен көрсетілуі туралы кепілдіктер Австралия тұтынушыларының
заңына сәйкес жойылмайды. Сіз негізгі ақаулық жағдайында ауыстыруға немесе соманы
қайтаруға және басқа болжалды шығын немесе зақым жағдайында өтемақы алуға құқылысыз.
Сонымен қатар, сіз құралдың сапасы тиісті болмаса және ақаулық негізгі ақаулық ауқымындай
болмаса, Бағдарламалық құралды жөндетіп немесе ауыстырып алуға құқылысыз
ә. осы EULA келісіміндегі ешбір тармақ заңды жолмен жойылмайтын немесе шектелмейтін
Австралия тұтынушыларының заңы белгілеген ешқандай құқықты, кепілдікті немесе басқа
шарт немесе талапты жоймайды, шектемейді немесе өзгертпейді және
б. осы EULA келісіміндегі тікелей кепілдіктердің сізге беретін артықшылықтары сізге Австралия
тұтынушыларының заңына сәйкес қолжетімді басқа құқықтар және құралдарға қосымша
артықшылықтар болып табылады. Австралия тұтынушыларының заңына сәйкес сіздің
құқықтарыңыз тікелей кепілдікте қамтылған кез келген шектеулермен сәйкес болмаған кезде
барынша басымдыққа ие болады.
Бағдарламалық құрал пайдаланушы шығарған деректерді сақтап қалуы мүмкін. HP
компаниясы, егер HP компаниясы сіздің бағдарламалық құралды жөндесе, бұл жөндеу
деректердің жоғалуына әкелуі мүмкін екендігі туралы ескертеді. Заң қаншалықты рұқсат еткенге
дейін, EULA келісімінде HP жауапкершілігін шектеу және жою осы деректердің жоғалған
жағдайларына қатысты қолданылады.
Осы келісім бойынша кез келген кепілдікке немесе жоғарыда көрсетілген шешімдердің кез
келгеніне құқығыңыз бар деп ойласаңыз, HP компаниясына хабарласыңыз:
HP PPS Australia Pty Ltd
Building F, 1 Homebush Bay
Drive
KKWW Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі 21










