HP LaserJet Managed MFP E62655, E62665, E62675 - User Manual
Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау
Кіріспе
Принтер файлды сканерлеп, оны USB құралына сақтай алады.
ЕСКЕРТПЕ: USB құралына сканерлеуден бұрын принтер әкімшісі немесе АТ бөлімі HP ендірілген веб-
серверін қосу және оны реттеу үшін пайдалануы керек.
Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің принтерге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін жоғары
қаратып салып, құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. USB құралын принтердің басқару тақтасының жанындағы USB портына салыңыз.
3. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) басып, Scan to USB Drive (USB
құрылғысына сканерлеу) параметрін таңдаңыз.
4. Destination (Мақсатты орын) астынан USB құралын таңдаңыз, одан кейін сақтау орнын (USB дискісінің
түбірі немесе бар қалта) таңдаңыз.
5. Сенсорлық пернетақтаны ашу үшін File Name (Файл атауы) мәтін жолын түртіп, файл атауын енгіңіз
де, Enter түймесін басыңыз.
6. File Type and Resolution (Файл түрі және ажыратымдылық), Original Sides (Бастапқы жақтар) және
Content Orientation (Мазмұн бағыты) сияқты параметрлерді реттеу үшін астыңғы сол жақ бұрыштан
Options (Опциялар) мәзірін, одан кейін параметрлерді Options (Опциялар) мәзірлерінен таңдаңыз.
Нұсқау берілсе, Done (Дайын) опциясын таңдаңыз.
7. Қосымша алдын ала қарау: Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын түртіңіз. Алдын
ала қарау экранын кеңейту және жию үшін алдын ала қарау тақтасының сол жағындағы Expand
(Кеңейту) және Collapse (Жию) түймелерін пайдалануға болады.
Кесте
6-13 Алдын ала қарау панеліндегі басқару элементтері
Expand (Кеңейту) түймесі Collapse (Жию) түймесі
Алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді қайта реттеу, бұру, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
128 6-тарау Сканерлеу KKWW