Equipment reference manual
2 Орнату
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын,
сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоқ соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке
жарақаттар немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін:
Айнымалы ток қуат сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына
мүмкіндік беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау (NIC) розеткаларына
қоспаңыз.
Жерге тұйықтап тұрған айнымалы тоқ ашасын істен шығармаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды
қауіпсіздік бөлшегі.
Айнымалы ток қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған айнымалы ток
розеткасына қосыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін, Руководство по безопасной и комфортной работе (Қауіпсіз және
қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығын оқыңыз. Онда жұмыс станциясы, орнату, дұрыс орналастыру
нұсқаулары және жұқа клиент пайдаланушыларының денсаулықты сақтау және дұрыс жұмыс істеу
ережелері сипатталған, сонымен қатар, электр және механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
берілген. Safety & Comfort Guide (Қауіпсіздік және жұмыс ыңғайлығы нұсқаулығы) HP веб-сайтында
орналасқан: http://www.hp.com/ergo.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішінде қуаттанатын бөлшектер бар.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр қуаты жұқа клиенттің немесе қосымша жабдықтың электр құрамдас
бөлшектерін зақымдауы мүмкін. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты
ұстап көріп, статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Электр
статикалық разрядты болдырмау (33-бет) бөлімін қараңыз.
Жұқа клиент АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі бөлшектерін
зақымдамас үшін жұқа клиентті ашу кезінде айнымалы ток қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
4 2-тарау Орнату










