Equipment reference manual
Айнымалы ток сымын жалғау
1. Қуат сымының домалақ ұшын жұқа клиент артындағы қуат көзінің қосқышына (1) жалғаңыз.
2. Ілгекті шығару үшін жиналмалы айнымалы ток қуат сымын бекітетін ілгектің бүйіріндегі
саңылауды (2) қолданыңыз.
3. Айнымалы ток қуат сымын ілмекке басып салып (4), артық сымды жинап қойыңыз.
4. Қуат көзінің блогын айнымалы ток қуат сымының ішкі жағынан бұрандасы бар ұялы бөлшекке
қосыңыз (4).
5. Айнымалы ток қуат сымының басқа ұшын розеткаға (5) жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ілмекке бекітіп қоймасаңыз, айнымалы ток қуат сымы ажырап, ақпараттың
жоғалуына себеп болуы мүмкін.
Тұғырын орнату
ЕСКЕРТУ: Жұқа клиент HP Quick Release құралымен орнатылмайынша, жұқа клиенттің айналасында
дұрыс ауа айналымы болмайынша, оны бекітілген тұғырмен пайдалану керек.
Тұғырды реттеу
Тұғырды екі конфигурацияға реттеуге болады: шаршы көлденең бағытқа, ал тіктөртбұрыш тік бағытқа
арналған.
Екі жақты жалғайтын екі қысқа бөлікті алу арқылы тұғырды бөлек алыңыз. Шаршы етіп реттеу үшін
бүйірлерін қысқа бөліктердегі сыртқы байланыс нүктелеріне қыстырыңыз, ал тіктөртбұрыш етіп реттеу
үшін ішкі байланыс нүктелеріне қыстырыңыз.
Айнымалы ток сымын жалғау 5










