Equipment reference manual

Тұғырды орнату
Жұқа клиентпен бірге жабдықталған тұғырды тігінен немесе көлденеңінен орнатып қолдануға болады.
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
5. Қажет болса, тұғырды реттеңіз.
Нұсқауларды Тұғырды реттеу (5-бет) бөлімінен көріңіз.
6. Тұғырды жұқа клиентке бекітіңіз.
Жұқа клиентті мұнара бағытында қолдану үшін, тұғырды жұқа клиенттің төменгі жағына
орнатыңыз.
а. Жұқа клиентті төңкеріп, жұқа клиенттің астындағы немесе торындағы бұрандаға арналған
екі тесікті тауып алыңыз.
ә. Тұғырды (1) жұқа клиенттің астына қойып, тұғырдың бұрандаларын жұқа клиенттің
арнаулы саңылауларына дәлдеңіз.
б. Бұрандаларын жақсылап қатайтыңыз (2).
6 2-тарау Орнату