Equipment reference manual
3 Жабдық өзгерістері
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын,
сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоқ соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке
жарақаттар немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін:
Айнымалы ток қуат сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына
мүмкіндік беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау (NIC) розеткаларына
қоспаңыз.
Жерге тұйықтап тұрған айнымалы тоқ ашасын істен шығармаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды
қауіпсіздік бөлшегі.
Айнымалы ток қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған айнымалы ток
розеткасына қосыңыз.
Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын
оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін компьютерді қосу және жұмыс орнын дұрыс реттеу
жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады және
механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері беріледі. Safety &
Comfort Guide (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын) HP веб-сайтында орналасқан:
http://www.hp.com/ergo.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішінде қуаттанатын бөлшектер бар.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр қуаты жұқа клиенттің немесе қосымша жабдықтың электр құрамдас
бөлшектерін зақымдауы мүмкін. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты
ұстап көріп, статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Электр
статикалық разрядты болдырмау (33-бет) бөлімін қараңыз.
Жұқа клиент АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі бөлшектерін
зақымдамас үшін жұқа клиентті ашу кезінде айнымалы ток қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
Алынбалы тақтаны алу және орнына салу
Алынбалы тақтаны алу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу, ыстық бөлшектеріне денеңіз тию немесе өрт қаупін азайту үшін немесе
құралдың бүлінуін болдырмау үшін ӘРҚАШАН жұқа клиентті панелін жауып қолданыңыз. Қауіпсіздікті
жақсартуға қосымша панелінде маңызды нұсқаулар және анықтамалық ақпарат болуы мүмкін, егер
панель қолданылмаса олар жоғалуы мүмкін. HP компаниясы осы жұқа клиентке арнап шығарған
панельден басқа панельді ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Алынбалы тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиентті өшіріп, айнымалы ток қуат сымын розеткадан
ажыратыңыз.
16 3-тарау Жабдық өзгерістері










