Equipment reference manual
Батареяны шығару немесе орнына салу:
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Жұқа клиенттің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін айнымалы ток қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Тұғырды жұқа клиенттен алып тастаңыз.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге жатқызыңыз.
7. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (16-бет)
бөлімін қараңыз.
8. Жүйе тақтасында батареяны табыңыз.
9. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея
шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1).
10. Жаңа батарея салу үшін ауыстыратын батареяның бір жақ шетін жағымды жағын жоғары қаратып,
ұяшықтың шетінен сырғытып салыңыз. Екінші жағынан төмен қарай, қысқыш батареяның шетінен
ұстап қалғанша итеріңіз (2).
11. Алынбалы тақтасын орнына салып, сырғытпасын бекітіңіз, одан кейін артқы кіріс/шығыс тақтасын
қайта орнатыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (16-бет) бөлімін қараңыз.
12. Жұқа клиент тұғырын орнына салыңыз.
13. Айнымалы ток қуат сымын қайта жалғап, жұқа клиентті іске қосыңыз.
14. Жұқа клиент немесе алынбалы панель алынған кезде істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын
жабыңыз.
Батареяны шығару және орнына салу 23










