Equipment reference manual
HP компанияы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару картридждерін
және қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады. Қайта өңдеу бағдарламалары
туралы толығырақ ақпаратты http://www.hp.com сайтындағы “қайта өңдеу” бөлімінен қараңыз.
Батареяларды, батарея жинақтарын және аккумуляторларды жалпы тұрмыстық қоқыспен бірге тастамау
керек. Оларды қайта өңдеуге жіберу немесе тиісті тастау үшін қоғамдық қоқыс жинау жүйесін
пайдаланыңыз, не болмаса оларды HP компаниясына, уәкілетті HP серіктесіне немесе олардың агенттеріне
қайтарыңыз.
Тайванның Қоршаған ортаны қорғау агенттігі «Қалдықты жою» Заңының 15-бабына сәйкес құрғақ
батареяларды өндіруші немесе импорттаушы фирмалардың сатылымдарда, жүлделерде немесе
жарнамаларда пайдаланылатын батареяларда қалпына келтіру белгілерін көрсетуді талап етеді. Батареяны
тиісті түрде тастау үшін білікті Тайвань қайта өңдеу орталығына хабарласыңыз.
Төмен профильді PCI-Express картасын ауыстыру
Қосымша төмен профильді PCI-Express (PCIe) графика картасы жұқа клиентте орнатылуы мүмкін.
Кеңейткіш карта әдепкі бойынша осы жұқа клиентте орнатылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе ыстық беткейден күйік алу қаупін азайту үшін
розеткадан айнымалы ток қуат сымын ажыратыңыз және қол тигізер алдында ішкі жүйе құрамдастарын
суытыңыз.
PCIe картасын орнату:
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Жұқа клиенттің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін айнымалы ток қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Тұғырды жұқа клиенттен алып тастаңыз.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге жатқызыңыз.
7. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (16-бет)
бөлімін қараңыз.
8. Жүйе тақтасында PCIe картасын табыңыз.
9. PCIe картасын босату үшін ысырманы төмен басып, солға (1) қарай жылжытыңыз.
24 3-тарау Жабдық өзгерістері










