Equipment reference manual
Ішкі USB флэш жетегін орнату
Жүйелік тақтада бір USB 3.0 флэш жетек порты бар.
USB флэш дискісін орнату:
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз
.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
5. Тұғырды жұқа клиенттен алып тастаңыз.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге жатқызыңыз.
7. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (16-бет)
бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауына уақыт беріңіз.
8. Жүйелік тақтадағы USB флэш жетек портын табыңыз.
9. USB флэш дискісін USB портымен туралап, дискіні барынша енгізілгенше портқа қатты басыңыз.
10. Алынбалы тақтасын орнына салып, сырғытпасын бекітіңіз, одан кейін артқы кіріс/шығыс тақтасын
қайта орнатыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (16-бет) бөлімін қараңыз.
11. Жұқа клиент тұғырын орнына салыңыз.
12. Айнымалы ток қуат сымын қайта жалғап, жұқа клиентті іске қосыңыз.
13. Жұқа клиент немесе алынбалы панель алынған кезде істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын
жабыңыз.
26 3-тарау Жабдық өзгерістері










