Equipment reference manual
SODIMM ұяшықтарын толтыру
Жүйе тақтасында екі SODIMM ұяшығы бар. Ұяшықтар DIMM1 және DIMM2 болып белгіленген.
Элемен
т
Сипаттама Жүйе тақтасының белгісі
1 SODIMM1 ұяшығы DIMM1
2 SODIMM2 ұяшығы DIMM2
Жүйе қос арналы режимде істейді.
SODIMM құралын орнату
ЕСКЕРТУ: Айнымалы ток қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдеріне әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу
бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына
жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану маңызды.
Статикалық электр қуаты жұқа клиенттің немесе қосымша карталардың электр құрамдас бөлшектерін
зақымдауы мүмкін
. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты ұстап көріп,
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Электр статикалық разряд
(33-бет) тарауынан қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Жұқа клиентті ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Жұқа клиенттен USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Жұқа клиентті жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Айнымалы ток қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға
дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдеріне әрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе
жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
5. Тұғырды жұқа клиенттен алып тастаңыз.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге жатқызыңыз.
7. Жұқа клиенттің алынбалы тақтасын алыңыз. Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (16-бет)
бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауына уақыт беріңіз.
28 3-тарау Жабдық өзгерістері










