User's Guide
Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) USB 3.x SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(2) Аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB Type-C порты
Type-C қосқышы бар USB құрылғысын жалғайды, деректер
тасымалын қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі
болса да, ұялы телефон, камера, әрекет бақылаушысы
немесе смарт сағат сияқты көптеген өнімдерді зарядтайды.
– және –
DisplayPort шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-
C қосқышы бар дисплей құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(4) MicroSD жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
6 2-тарау Компьютермен танысу










