User's Guide

Есептерді қолдану
Принтерді әрбір жіберілетін және қабылдап алынатын факс үшін қате есептерін және растау есептерін
басып шығаратын етіп орнатуға болады. Талап етілгенде жүйенің есептерін қолмен басып шығаруға
да болады. Бұл есептер принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді.
Әдепкі бойынша принтер факсты жіберу немесе қабылдап алу кезінде ақаулық болғанда ғана есепті
басып шығаратын етіп орнатылады. Факстың сәтті жіберілгенін анықтайтын растау хабары әрбір
таратудан кейін басқару тақтасының дисплейінде аз уақытқа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Есептер түсініксіз болса, басқару тақтасынан немесе НР бағдарламалық құралынан
анықталған сия деңгейлерін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған сия деңгейлерін
тексеру бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Сия деңгейінің төмендігі туралы ескертуді алған кезде ықтимал басып шығару
кідірістерін болдырмау үшін қосымша картридж болған жөн. Басып шығару сапасы ұнамсыз
болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару механизмдерінің және картридждердің жақсы жағдайларда болуын және
дұрыс орнатылуын қамтамасыз етіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Сия картридждерімен жұмыс істеу
бөлімін қараңыз.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
Факсты растау есептерін басып шығару
Факстың қате есептерін басып шығару
Факс жұрналын басып шығару және қарап шығу
Факс жұрналын тазалау
Соңғы факсты таратудың толық деректерін басып шығарыңыз
Қоңырау шалушы нөмірінің есебін басып шығару
Қоңырау шалу тарихын қарап шығу
Факсты растау есептерін басып шығару
Не факс жіберілген кезде, не факс жіберіліп немесе қабылданған кезде растау есебін басып шығаруға
болады. Әдепкі параметр - Вкл (при отправке) (Қосулы (Факс жіберілгенде). Өшірулі кезде растау
хабары басқару тақтасында факс жіберілгеннен немесе қабылданғаннан кейін аз уақыт көрінеді.
Факсты растауды қосу
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Есептер түймесін, содан соң Факсты растау түймесін басыңыз.
4. Келесі параметрлердің бірін таңдау үшін басыңыз.
Қосулы
(Факс
жіберілгенде)
Әрбір жіберілген факс үшін факсты растау есебін басып шығарады.
98 4-тарау Факс KKWW