User's Guide

Қосымша факсты орнату
Жұмысты бастау нұсқаулығындағы барлық қадамдарды аяқтағаннан кейін, факсты орнатуды аяқтау
үшін осы бөлімдегі нұсқауларды пайдаланыңыз. Кейінірек қолдану үшін жұмысты бастау
нұсқаулығын ұстаныңыз.
Осы бөлімде бірдей телефон желісінде әлдеқашан орнатылған болуы мүмкін жабдықпен және
қызметтермен факстың сәтті жұмыс істеуі үшін принтерді орнату жолдарын үйренесіз.
КЕҢЕС: Жауап беру күйі және факстың тақырыпшасы туралы мәліметтер сияқты кейбір маңызды
факс параметрлерін жылдам орнатуға көмектесетін факсты орнату шеберін (Windows) пайдалануға
болады. Бұл құралдарға HP принтерінің бағдарламалық жасақтамасы арқылы кіре аласыз. Осы
құралдарды іске қосқаннан кейін факсты орнатуды аяқтау үшін осы бөлімдегі процедураны
орындаңыз.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
Факсты орнату (параллель телефон жүйелері)
Факс орнатылымын сынақтан өткізу
Факсты орнату (параллель телефон жүйелері)
Факс үшін принтерді орнатуды бастамас бұрын елдің/аймақтың қандай телефон жүйесін
қолданатынын анықтаңыз. Сериялық немесе параллель телефон жүйесі болатындығына байланысты
факсты орнатуға арналған нұсқаулар әртүрлі болады:
Тізімделген кестеде еліңізді/аймағыңызды көрмесеңіз, сізде сериялық теру телефон жүйесінің
болуы ықтимал. Сериялық телефон жүйесінде ортақ пайдаланылатын телефон жабдығындағы
коннектор түрі (модемдер, телефондар және жауап беру құрылғылары) принтердің артындағы
портына физикалық тұрғыда қосуға мүмкіндік бермейді. Оның орнына, барлық
жабдықтарды телефон ұясына жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болуы мүмкін.
Кестеде еліңіз/аймағыңыз тізімделсе, сізде параллельді теру телефон жүйесінің болуы ықтимал.
Параллель телефон жүйесінде принтердің артындағы портын қолдану арқылы телефон
желісіне ортақ қолданылатын телефон жабдығын қоса аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер параллельді теру телефон жүйесі бар болса, HP компаниясы 2 сымды телефон
сымын телефон ұясына қосуды ұсынады.
Параллельді теру телефон жүйесі бар елдер/аймақтар
Аргентина Австралия Бразилия
Канада Чили Қытай
Колумбия Греция Индия
Индонезия Ирландия Жапония
Корея Латын Америкасы Малайзия
Мексика Филиппин Польша
Португалия Ресей Сауд Арабия
102 4-тарау Факс KKWW