User's Guide
Веб-қызметтерді қолдану
Төмендегі бөлімде веб-қызметтерді пайдалану және конфигурациялау әдісі сипатталған.
●
HP ePrint
●
Басып шығару бағдарламалары
HP ePrint
HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін келесіні орындаңыз:
● Интернет- және элекстрондық поштаға кіретін компьютер не мобильді құрылғы болуы қажет.
● Принтердегі веб-қызметтерді қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату
бөлімін қараңыз.
КЕҢЕС: HP ePrint пайдалану және ақауларды жою туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/
support/eprint кіріңіз. Принтердің HP ePrint параметрлеріне кіру үшін HP Connected (бұл сайт барлық
елдерде/аймақтарда қолданылмауы мүмкін) кіріңіз.
Құжатты HP ePrint арқылы басып шығару
1. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.
2. Жаңа электрондық пошта хабарламасын жасап, басып шығарылатын файлды тіркеңіз.
3. «Кімге» жолына HP ePrint электрондық пошта мекенжайын енгізіп, электрондық пошта
хабарламасын жіберу үшін параметрді таңдаңыз.
HP ePrint электрондық пошта мекенжайын табу
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( HP ePrint ) түймесін түртіңіз.
2. Print Info (Басып шығару мәліметтері) түймесін түртіңіз. Принтер принтер кодын және
электрондық пошта мекенжайын реттеу жолы туралы нұсқауларды қамтитын ақпараттық бетті
басып шығарады.
HP ePrint құрылғысын өшіру үшін
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( HP ePrint ) түймесін, одан кейін (Web Services Settings
(Веб-қызметтер параметрлері)) түймесін түртіңіз.
2. HP ePrint түймесін, одан кейін Өшірулі басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық веб-қызметтерін жою үшін Веб-қызметтерді жою бөлімін қараңыз.
Басып шығару бағдарламалары
Басып шығару бағдарламаларымен құжаттарды сандық түрде Интернет арқылы сканерлеуге және
сақтауға болады, сондай-ақ, мазмұнға қол жеткізуге және оны ортақ пайдалануға және көптеген басқа
әрекеттерді орындауға болады.
132 5-тарау Веб-қызметтер KKWW










