User's Guide

Анонимді пайдалану ақпаратты сақтау орны
HP тонер картридждері осы өніммен пайдаланылады, оның құрамында өнімнің әрекетіне көмектесетін
жад микросхемасы бар. Оған қоса бұл жад микросхемасы өнімді пайдалану туралы ақпаратты
анонимді түрде жинайды, оның құрамында мыналар болуы мүмкін: Картридж арқылы басылып
шыққан беттердің нөмірі, беттің толуы, басып шығарудың жиілігі және пайдаланылатын басып
шығару режимдері.
Бұл мәліметтер HP дизайнындағы келешек принтерлерге тұтынушылардың ' басып шығару
қажеттіліктерін сәйкестендіру үшін көмектеседі. Картридж жады микросхемасынан жинақталған
деректер тұтынушыны немесе картриджді не принтерді пайдаланушыны анықтау үшін қолданылуы
мүмкін мәліметтерді қамтымайды
.
HP корпорациясы HP корпорациясы'на тегін қайтарылған және қайта қолдану бағдарламасы үшін кері
берілген картридждерден жад микросхемасының үлгісін жинақтайды (HP әлемінің серіктестері:
www.hp.com/recycle ). Осы үлгіден алынған жад микросхемалары келешек НР принтерлерін жетілдіру
мақсатында оқылады және зерттеледі. Осы картриджді қайта өңдеуге көмектесетін HP серіктестері де
осы деректерді қолдана алады.
Картриджді өңдейтін кез келген үшінші тараптағы серіктес те жад микросхемасындағы жасырын
мәліметтерге қол жеткізуі мүмкін. Осы мәліметтерге қол жеткізуге рұқсат бергіңіз келмесе,
микросхеманы жұмыс істемейтін етіп көрсетуіңізге болады. Дегенмен, жад микросхемасын жұмыс
істемейтін етіп көрсеткеннен кейін картриджді HP принтерінде қолдану мүмкін болмайды.
Осы жасырын мәліметтерді беру туралы сенімді болмасаңыз, жад микросхемасы'ның мүмкіндігін
принтерді' пайдалану ақпаратын жинай алмайтын етіп ажырату арқылы осы мәліметтерді қол жетімсіз
етуге болады:
Пайдалану туралы ақпарат функциясын ажырату
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Басымдықтар түймесін түртіп, оны өшіру үшін Store Anonymous Usage Information (Анонимді
пайдалану мәліметтері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдалану туралы ақпарат функциясын қосу үшін зауыттық әдепкі параметрлерді
қалпына келтіріңіз. Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін
Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад микросхемасының ' принтерді ' пайдалану туралы ақпаратты жинау мүмкіндігін
өшірсеңіз, НР принтеріндегі картриджді пайдалануды жалғастыра аласыз.
144 6-тарау Сия картридждерімен жұмыс істеу KKWW