User's Guide
● Принтерде Wi-Fi Direct қызметін орнату кезінде Automatic (Автоматты) параметрі таңдалған
болса, ұялы құрылғы автоматты түрде принтерге қосылады.
● Принтерде Wi-Fi Direct қызметін орнату кезінде Manual (Қолмен) таңдалатын болса, принтер
дисплейінде қосылым туралы ескертіледі немесе ұялы құрылғыда принтердің PIN кодын
енгізіңіз. PIN код қосылым әрекеті жасалған кезде принтермен беріледі.
Wi-Fi Direct қолдайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызда HP басып шығару қызметінің қосылатын модулінің соңғы нұсқасы
орнатылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдалану
мүмкін емес.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Қолжетімді принтерлер тізімі арасынан DIRECT-**-HP OiceJet Pro 9020 секілді көрсетілген Wi-Fi
Direct атауын таңдаңыз (бұнда ** сіздің принтеріңізді анықтайтын бірегей таңба), содан кейін
принтеріңіз бен мобильді құрылғыңыздың экранында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
5. Құжатты басып шығарыңыз.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолданбайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен
бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP OiceJet Pro 9020
сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі **
принтерді анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Құжатты басып шығарыңыз.
154 7-тарау Желі орнату KKWW










