User's Guide
5. Науа астындағы кез келген кептелген қағазды алып тастаңыз.
6. Құжатты беретін құрал науасын төмен түсіріңіз.
Принтер кареткасының кептелісін тазалау
Принтер кареткасын бітеп тұрған қағаз сияқты кез келген нысанды алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелген қағазды алып тастау үшін кез келген құралды немесе басқа құрылғыларды
пайдаланбаңыз. Принтер ішінен кептелген қағазды алғанда әрқашан сақ болыңыз.
Қағаз кептелістерін болдырмау әдісі
Қағаз кептелістерінен құтылу мақсатында көмек алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
● Басып шығарылған қағаздарды жайлап шығыс науасынан алып тастаңыз.
● Басып шығару үшін мыжылған, бүгілген немесе зақымдалған қағазды пайдаланып
жатпағаныңызды тексеріңіз.
● Бұратылуды немесе мыжытуды болдырмау үшін барлық қолданылмаған қағазды тегіс жабық
қалтада сақтаңыз.
● Принтер үшін тым қалың немесе тым жұқа қағазды қолданбаңыз.
● Науалардың дұрыс жүктелгенін және тым көп жүктелмегенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу
үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
● Кіріс науасына жүктелген қағаздардың тегіс орналасуын және ұштары бүгілмеуін не
жыртылмауын қамтамасыз етіңіз.
● Құжатты беретін құралдың науасына тым көп қағаз салмаңыз. Құжатты беретін құралға салуға
болатын ең үлкен парақ саны туралы қосымша ақпаратты Техникалық сипаттамасы бөлімінен
қараңыз.
174 9-тарау Мәселені шешу KKWW










