User's Guide

Қағаз енін бағыттауыштарын салып жатқан қағаз өлшемі үшін науадағы дұрыс белгіге
орнатыңыз. Қағаз енін бағыттауыштарының жиынтық үшін ыңғайлы, бірақ нығыз еместігін
тексеріңіз.
Қағаз дестесі кіріс науасының төменгі бөлігіндегі тиісті қағаз өлшеміне арналған
сызықтармен тураланғанын және науаның қапталында бір немесе бірнеше белгімен
көрсетілген десте биіктігінен немесе кіріс науасының қағаз енін бағыттауыштан
аспайтындығын тексеріңіз.
Науаға тым көп қағаз жүктелмегенін тексеріңіз.
Жақсы әрі тиімді жұмыс істеу үшін HP қағазын пайдаланыңыз.
Басып шығару ақаулары
Не істегіңіз келеді?
Мәселелерді басып шығарылмайтын (басып шығару келмейтін) қағазбен түзету
Басып шығару сапасының мәселелерін түзету
Мәселелерді басып шығарылмайтын (басып шығару келмейтін) қағазбен түзету
Басып шығару кезіндегі ақауларды жою (Windows)
Принтердің қосылып тұрғанын және науаға қағаз салынғанын тексеріңіз. Егер әлі басып шығару
мүмкін болмаса, төмендегі әрекеттерді мына кезекте орындаңыз:
1. Принтер дисплейінен қате туралы хабарларды тексеріп және оларды экрандағы нұсқауларға
қарап шешіңіз.
2. Егер принтерге компьютер USB кабелі арқылы қосылса, USB кабелін өшіріп және қайта қосыңыз.
Егер принтерге кмпьютер сымсыз байланыс арқылы қосылса, байланыс жұмыс істеп тұрғанын
тексеріңіз.
3. Принтер тоқтатылмағанын немесе желіге қосылмағанын растаңыз.
Принтер тоқтатылмағанын немесе желіге қосылмағанын растау
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10: Windows жүйесінің Бастау мәзірінен қолданбалар тізіміндегі Windows
жүйесі тармағын таңдап, Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз, содан соң Аппараттық
құрал мен дыбыс бөліміндегі Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін басыңыз.
Windows 8.1 және Windows 8: Шебер түймелер тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы
оң жақ бұрышына меңзеңіз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басыңыз, Басқару
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз, содан соң Құрылғылар мен принтерлерді қарау
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз.
Windows 7: Windows жүйесінің Пускастау) мәзірінен Устройства и принтеры
(Құрылғылар және принтерлер) пәрменін басыңыз
ә. Принтер белгішесін екі рет басыңыз немесе принтер белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз және басып шығару кезегін ашу үшін Басылып шығарылғандарды
көру пәрменін таңдаңыз.
176 9-тарау Мәселені шешу KKWW